Басты бет Саясат Тағдырлы сәт, тағдырлы шешім

Тағдырлы сәт, тағдырлы шешім

0
2,158

Біз мемлекет болып қалыптасуда талай асулардан асып, қиыр жолдардан өтіп, тар жол тайғақ кештік. Алайда санаулы жылдарда есімізді жиып, алдағы бағыт-бағдарымызды айқындап, дамуымызды ілгерілеттік. Осылайша қуатты мемлекетке айналып, тереземізді теңестіріп, шекарамызды бекемдедік. Өткенімізді қайта жаңғыртып, еліміздің гүлденуі жолында ерінбей еңбек еттік. Біреуге алақан жаймай, әрқайсысымыз өз бетімізше күн көруге үйрендік. Елбасымыздың түрлі мемлекеттік бағдарламаларының нәтижесінде кәсібімізді ашып, жандандырып, бай әрі қуатты мемлекет болғанымызды әлемге жария еттік.

Күні кеше Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өкілеттігін тоқтататындығын айтып, мемлекет тізгінін Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген болатын. Жаңа басшы көп ұзамай барша қазақстандықтарға арнайы үндеуін жария етті. Мемлекет басшысы үндеуде тағдырлы шешім қабылдағандығын, 2019 жылдың 9 маусымызда кезектен тыс Президент сайлауы өтетіндігін айтты. Сонымен қатар бұған барша қазақстандықтардың белсенділік танытатындығына сенімін де білдірді. Алда мемлекет басына келетін басшымыздың Елбасының салған сара жолын жалғастырып, дамуымызды ілгерілетіп, қуаттылығымызды арттырады деген ойдамын. Бұл бір ғана емес, барша қазақ елінің тағдырлы сәті болмақ. Ендеше келешегіміздің кемел, болашағымыздың жарқын болуын тілей отырып, Президентімізді нақты таңдауға атсалысайық дегім келеді.

Жабай САБАНШИЕВ,

Тиірмен ауылының ақсақалы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі

Алматы облысында ауылдық округтер әкімдерінің бірінші форумы өтті. Шара жергілікті билік ө…