Басты бет Заң және қоғам МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУ ТӘРТІБІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУ ТӘРТІБІ

0
1,142

Алматы облысының Ішкі істер департаменті бос мемлекеттік лауазымдарды толықтыру мақсатында тұрақты түрде конкурс жариялайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық  Ішкі істер департаментінің кадр жұмысы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Нугиланов Жандос баяндады.

Конкурстың қатысушысына қойылатын бірқатар талаптар бар. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, жасы 18-ге толған, денсаулығы жарамды және дене шынықтыру дайындығы бар, бойы ерлерге 170см. кем емес, әйелдерге 165 см, облыс тұрғыны. Сонымен қатар, спорттық, жауынгерлік күрес және атыс түрлерінен спорт шебері, спорт шеберлігіне үміткер спорттық біліктілік разряды бар үміткерлерге аса назар аударылады.

Конкурс өткізу барысында ол туралы хабарландыру ҚР ІІМ ресми сайтында орналастырылады, сондай-ақ облыс аумағында таралатын «Жетісу» газетіне қазақ тілінде, «Огни Алатау» газетіне орыс тілінде жарияланады.

«Өткен жылы 4-ші кезең конкурсында 66 — бос лауазымдар жарияланып, 194 үміткер конкурсқа қатысуға жүгінді. Оның ішінде дене шынықтыру нормативтерін тапсыруға және әңгімелісуге – 167 кандидат ұсынылды, ІІО қабылдауына – 37 кандидат есепке алынып, одан әрі кадр резервіне тағайындау үшін 84 үміткер өтті», — деді Ж.Нугиланов.

Заңнаманы білу ушін тестілеу бағдарламасына еңгізілген түзетулер, яғни қатардағы және кіші басшы құрамының тестілеу кезінде нормативтік-құқықтық актілерінің 5-тен 3-ке қысқаруы өзінің оң нәтижелерін бергенін атап өту қажет.

Сондай-ақ, баспасөз-мәслихатында құқық қорғау қызметінің орта басшы құрамының лауазымдарына қатысатын кадидаттар үшін қосымша бағдарлама еңгізілгені сөз етілді.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарына қызметке қабылданатын қатардағы және кіші басшы құрамының жасын 25-тен 35-ке ұзартуы туралы заңдағы өзгерту оң ықпалын тигізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекел…