Басты бет Ақпарат ағыны Таеквондодан – толағай табыс: оқушыларымыз 18 жүлде иеленді

Таеквондодан – толағай табыс: оқушыларымыз 18 жүлде иеленді

0
16

Алматы қаласында таеквондодан өткен «Жеңіс кубогі» республикалық турнирінде оқушыларымыз жоғары нәтиже көрсетіп, аудан мерейін асқақтатты. Жас спортшылар жарыс қорытындысы бойынша 11 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, өздерінің шеберлігі мен табандылығын дәлелдеді.

Республикалық деңгейде ұйымдастырылған дүбірлі додада қатысушылар өзара мықтыны анықтап, спорттық дайындықтары мен жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Жарыс барысында оқушыларымыз қарсыластарына лайықты қарсылық танытып, жоғары нәтиже көрсетуге қол жеткізді.

🥇 Алтын жүлде иегерлері:

  • Қанатұлы Райан
  • Аликеев Алижан
  • Марат Сабина
  • Көксумбай Көркем
  • Ғайратжанұлы Ибрагим
  • Қанатұлы Темірлан
  • Дүйсенбай Ақниет
  • Мунаждинова Мехригуль
  • Злавдинова Лиана
  • Юнусова Эльвина
  • Мұрат Әлібек

🥈 Күміс жүлде иегерлері:

  • Думанұлы Темірлан
  • Тилвалдиева Назугум
  • Алымжанов Дилмурат
  • Марат Көркем

🥉 Қола жүлде иегерлері:

  • Даниярқызы Диана
  • Ахарцова Милана
  • Ердавлет Арайлым

Жас спортшылардың бұл жетістігі – жүйелі дайындықтың, табандылықтың және спортқа деген сүйіспеншіліктің нәтижесі. Әрбір жеңістің артында тынымсыз еңбек, жаттығу барысындағы төзімділік пен алға қойған мақсатқа деген сенім тұрады.

Оқушыларымыздың осындай жоғары нәтижеге қол жеткізуіне үлес қосқан жаттықтырушылардың еңбегі де зор. Спортшылардың жетістігі өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстанып, биік белестерді бағындыруға деген ынтасын арттыра түседі.

Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да толағай табысқа жетіп, көк туымызды биіктен желбірете берсін! Жеңісті күндер көп болсын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

«БІРТҰТАС ҚОҒАМ: КЕЛІСІМ ЖӘНЕ СЕНІМ» ЖОБАСЫ

Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, аудандық ұйғыр этномәдени орталығында этномәдени бірлестік мүше…