Түркістан қаласында жастар арасында жамбы атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ұлттық спортты дәріптеп, мергендік пен ептілікті сынға салған республикалық додада Ұйғыр ауданының жас спортшылары да бақ сынап, жүлделі орындарға ие болды. Аталған чемпионатқа балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен төрт спортшы қатысып, өздерінің шеберліктері мен дайындық деңгейін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша спортшыларымыз екі қола медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, Мажар стилі бойынша Сүлейман Жанерке III орынға, ал Түрік стилі бойынша Ныған Шолпан III орынға ие болды. Жамбы ату – халқымыздың дәстүрлі спорт түрлерінің бірі. Ол спортшылардан жоғары дәлдікті, ептілікті, төзімділікті және шапшаңдықты талап етеді. Осындай жарыстардың өткізілуі ұлттық спорттың дамуына серпін беріп қана қоймай, жас ұрпақтың төл мәдениетіміз бен дәстүрімізге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Жас спортшыларды жарысқа дайындаған бапкері Бағлан Стамбаевтың еңбегін де атап өткен жөн. Спорттағы әрбір жетістік жүйелі дайындық пен табанды еңбектің нәтижесінде келеді. Жүлдегер спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да сәттілік серік болып, биік белестерді бағындырып, ауданымыздың мерейін үстем ете берсін! Жеңісті күндер көп болсын!
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
«БІРТҰТАС ҚОҒАМ: КЕЛІСІМ ЖӘНЕ СЕНІМ» ЖОБАСЫ
Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, аудандық ұйғыр этномәдени орталығында этномәдени бірлестік мүше… -
ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ – АБЫРОЙЛЫ МАМАНДЫҚ!
Алматы облысы ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының нұсқауын орындау мақсатында, … -
«ҚАУІПСІЗ ҮЙ» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗІЛДІ
«Қауіпсіз үй» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Ұйғыр ауданы полиция бөлімінің қызме…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
«БІРТҰТАС ҚОҒАМ: КЕЛІСІМ ЖӘНЕ СЕНІМ» ЖОБАСЫ
Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, аудандық ұйғыр этномәдени орталығында этномәдени бірлестік мүше…

