Ұйғыр ауданы балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында «Болашақ білім: дәстүрлі үйірмелер мен жасанды интеллект мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық іс-тәжірибе алмасу семинары жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды түрде өткізілді.
Аталған семинарға Алматы облысындағы шығармашылық орталықтар мен оқушылар үйлерінің директорлары, педагогтері және қосымша білім беру саласының мамандары қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – қосымша білім беру жүйесіндегі озық педагогикалық тәжірибелерді тарату, білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру, дәстүрлі үйірмелердің тәрбиелік және танымдық әлеуетін заманауи цифрлық технологиялармен ұштастыру жолдарын қарастыру.
Семинар бағдарламасы аясында түрлі бағыттағы үйірмелер бойынша ашық сабақтар мен тәжірибелік көрсетілімдер ұйымдастырылды. Сабақтар барысында педагогтердің кәсіби шеберлігі, оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған педагогикалық технологиялар кеңінен көрсетілді.
