Іле ауданының Ашықбұлақ ауылдық округінде орналасқан ҚР Әуе қорғанысы күштерінің 78460 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметшілер әскери даярлықпен қатар спортпен де белсенді айналысып келеді.
Sarbaz+ жобасы аясында әскери бөлімде джиу-джитсудан тұрақты жаттығулар ұйымдастырылған. Спортпен жүйелі түрде айналысу жас сарбаздардың дене дайындығын жетілдіріп қана қоймай, тәртіптілік, төзімділік, жауапкершілік және табандылық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Жүйелі жаттығулардың нәтижесінде Бакберген Сейіл мен Ернар Қызайбек джиу-джитсудан көк белбеуге ие болды. Қараша айында әскер қатарына шақырылған сарбаздар аптасына үш рет жаттығып, төрт ірі спорттық турнирге қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті.
Осылайша, бүгінде 78460 әскери бөлімінде джиу-джитсудан көк белбеуге ие болған үш әскери қызметші бар. Олардың қатарында бұған дейін көк белбеу алған Алмас Өмірзақ та бар.
Жастардың спорттық дайындығын ұйымдастыруға «Alatau Zhastary» жастар ұйымының төрағасы, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Sagadat Batyr» спорт клубының негізін қалаушы, қара белбеу иегері Нұрсұлтан Орынбасаров қолдау көрсетіп келеді. Ол әскери қызметшілерді арнайы кимоно киімдерімен қамтамасыз етіп, тұрақты түрде шеберлік сабақтарын өткізеді.
Сарбаздарға джиу-джитсу өнерін «Sagadat Batyr» спорт клубының жаттықтырушысы Нариман Дәулбаев үйретеді. Тұрақты жаттығулар барысында әскери қызметшілер техникалық шеберліктерін шыңдап, дене дайындығын арттырып, өзіне деген сенімділігін нығайтуда.
Әскери бөлім командирі Азиз Бараковтың жастардың спортпен айналысуына қажетті жағдай жасауға бағытталған қолдауы да маңызды.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастарды тәртіпке, жауапкершілікке және Отан алдындағы борышын абыроймен орындауға тәрбиелеу – маңызды міндеттердің бірі. Ал спорт осы қасиеттерді қалыптастырудың тиімді құралдарының бірі.
78460 әскери бөліміндегі бұл бастама әскери қызметтің тек Отан алдындағы борышты өтеу кезеңі ғана емес, сонымен қатар жас сарбаздың өзін-өзі дамытуына, шыңдалуына және жаңа жетістіктерге жетуіне мүмкіндік беретін маңызды өмір мектебі екенін көрсетеді.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Бір мақсат, ортақ міндет – ел болашағы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына арнаған … -
Ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру және су ресурстарын тиімді пайдалану
Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан … -
Президент Жолдауы – ел дамуының жаңа кезеңіндегі басым міндеттер
Мемлекеттің дамуы – бір күннің немесе бір жылдың нәтижесі емес. Ол жүйелі жұмысты, нақты м…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
ВОЗРОЖДАЯ ТРАДИЦИИ КОННОГО СПОРТА
Для уроженца села Кыргызсай Айбека Асанова любовь к лошадям – не просто хобби, а дело всей…
