Басты бет Заң және қоғам «Отбасындағы тұлға құқығы» тақырыбында түсіндірмелі кездесу

«Отбасындағы тұлға құқығы» тақырыбында түсіндірмелі кездесу

0
40

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Іле аудандық «Отбасын қолдау орталығының «ұйымдастыруымен Ащыбұлақ ауылдық округі, Жапек батыр ауылындағы №51 мектепте отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасы мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасындағы қауіпсіз әрі қолайлы ахуалды қалыптастыру мақсатында ата-аналармен «Отбасындағы тұлға құқығы» тақырыбында түсіндірмелі кездесу өткізілді. Іс-шараны Отбасын қолдау орталығының директоры Нурсейтова Коркем Бахытқызы бастап, отбасы құндылықтарын сақтау, өзара сыйластық пен жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталды.
Кездесуді полиция лейтенанты Бақытжан Айа, полиция капитандары Жұман Абзал Оралбекұлы және Сырғабаев Алмас Амантайұлы жалғастырып, ата-аналарға отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық жауапкершілік және құқық бұзушылық орын алған жағдайда жүгіну тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында ата-аналарға зорлық-зомбылыққа немқұрайлы қарамау, жанжалдың алдын алу, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отбасындағы өзара құрмет пен түсіністікті қалыптастыру қажеттілігі түсіндірілді. Кездесу соңында ата-аналармен пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауаптар мен құқықтық кеңестер алды.#заңментәртіп

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық кезеңінде ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Дауыс беру күні жақындаған сайын әлеуметтік желілерде сайлауды әділ ұйымдастыруға күмән ке…