0
16

Жаңабай Құдайбергенов атындағы мектеп ауласында референдум күні мазмұнды әрі ерекше шара өтті 🌿

Сайлау учаскесіне келген тұрғындарға арналып “Дауыс бер, өз ағашыңды отырғыз” атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Игі бастамаға қатысқан тұрғындар мектеп ауласына бозарша мен қарағаш көшеттерін отырғызып, туған жердің табиғатын көркейтуге өз үлестерін қосты. Жалпы саны 20 түп ағаш егілді.

Акцияның басты мақсаты – азаматтық белсенділікті арттырумен қатар, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті насихаттау. Осындай тағылымды шаралар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ықпал етеді.

Шара барысында “Жазерке” және “Арзу” ансамбльдері әсем әндерін шырқап, жиналған қауымға мерекелік көңіл күй сыйлады. Ән мен шаттыққа толы ортада тұрғындар ел болашағына қатысты өз таңдауларын жасап, бірлік пен татулықтың маңызын тағы бір мәрте сезінді.

🌿 В школьном дворе имени Жанабай Кудайбергенова в день референдума прошла содержательная и необычная акция

В день референдума на территории школы имени Жанабай Кудайбергенова состоялось особое мероприятие. Для жителей, пришедших на избирательный участок, была организована экологическая акция под названием «Проголосуй и посади своё дерево».

Участники инициативы высадили на территории школы саженцы можжевельника и карагача, тем самым внеся свой вклад в благоустройство и озеленение родного края. Всего было посажено 20 деревьев.

Главная цель акции – повышение гражданской активности, а также формирование ответственного отношения к окружающей среде. Подобные инициативы способствуют развитию экологической культуры в обществе и привлекают внимание к вопросам сохранения природы.

Во время мероприятия ансамбли «Жазерке» и «Арзу» исполнили красивые песни, подарив присутствующим праздничное настроение. В атмосфере музыки и радости жители сделали свой выбор, ещё раз подчеркнув важность единства и согласия ради будущего страны.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұйғыр ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтт

2025 жылдың 15 наурыз күні Ұйғыр ауданы Мансап орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орынд…