Аудан аумағында референдум қарсаңында мәдениет саласының қызметкерлері тарапынан мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Шаралар ауданның барлық референдум учаскелерінде өткізіліп, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарламалар ұсынылды.
Бағдарлама барысында ұлттық және эстрадалық әндер шырқалып, күмбірлеген күй орындалып, көрермендерге әсерлі өнер кеші тарту етілді. Мәдениет қызметкерлері өз өнерлері арқылы көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік атмосфера қалыптастырды.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары мен мәдениет үйінің қызметкерлері референдум учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасап, дауыс берді.
Ұйымдастырылған мәдени іс-шаралар аудан тұрғындарының бірлігін нығайтып, елдік маңызды күн қарсаңында көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұндай мәдени бастамалар тұрғындардың басын қосып, ұлттық өнерді дәріптеуге және қоғамдық ортада жағымды ахуал қалыптастыруға өз үлесін қосты.
