– Құрметті қазақстандықтар!
15 наурызда өтетін референдум қарсаңында барша азаматқа үндеу жасаймыз.
Мұндай маңызды кезеңде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпараттар мен әдейі таратылатын арандату хабарламалары жиі кездесіп жатады. Олардың мақсаты – қоғамды адастыру және жағдайды тұрақсыздандыру.
Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуына байланысты жалған контент жасау бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдеді. Қысқа уақытта шындыққа ұқсас, бірақ адамдарды жаңылыстыратын жалған материалдар таралуы мүмкін.
Еске саламыз: көрінеу жалған ақпарат тарату – заң бұзушылық. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылған.
Азаматтарды заң талаптарын сақтауға және тексерілмеген ақпаратты таратпауға, ақпараттық мәдениетті сақтауға шақырамыз.
Күмәнді хабарламаларды көрсеңіздер – оны әрі қарай жібермеңіздер. Жалған ақпарат көбіне дәл осылай таралады.
Ішкі істер министрлігі референдум кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қамтамасыз етеді. Жалған ақпарат тарату және арандатушылық әрекеттер жедел анықталып, ден қойылып, заң аясында қатаң қаралады.
Сондықтан тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған халықаралық пленэр басталады
Алматы облысындағы Райымбек ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында халықаралық суретшілер п… -
СПОРТ ПРОТИВ ПАГУБНЫХ ПРИВЫЧЕК
В Киргизсайском сельском округе состоялся открытый турнир по мини-футболу среди молодежи, … -
ҰТЫСҚА КЕТКЕН ҮМІТ
Қоғамды іштен ірітетін кеселдер болады. Олар бір күнде пайда болмайды, бір күнде жойылмай…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
ҰТЫСҚА КЕТКЕН ҮМІТ
Қоғамды іштен ірітетін кеселдер болады. Олар бір күнде пайда болмайды, бір күнде жойылмай…
