«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Сүмбе ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуде 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылды. Коалиция мүшелері Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені жаңа редакцияда нақты бекітілетінін және азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға құқығы сақталатынын атап өтті.
Сонымен қатар жобаға сәйкес Президент бір реттік жеті жылдық мерзімге сайланатыны және бұл норма өзгертілмейтін қағида ретінде бекітілетіні айтылды.
«Жаңа Конституция – әлеуметтік міндеттемелерді нақтылайтын, билікті институционалдық тұрғыдан шектейтін құжат. Денсаулық сақтау саласының кепілдіктері сақталады, ал Конституциялық Сот заңдардың Негізгі заңға сәйкестігін бақылап отырады. Бұл – құқық үстемдігін қамтамасыз ететін жүйелі реформа», – деді коалиция мүшесі Бибігүл Байжұмақызы.
Медицина қызметкерлері кездесуге белсенді қатысып, сұрақтарына жауап алды.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Касым-Жомарт Токаев и главы государств – членов Организации тюркских государств открыли Аллею тюркского мира, расположенную в столичном парке «Бештепе»
🔹На данной площадке были организованы национальные павильоны Турции, Азербайджана, Казахст… -
МӘЙРӘМЛИК МУСАБИҚӘ
Җумһурийәт күни һарписида наһийә һакиминиң қоллап-қувәтлиши билән велоспорт мусабиқиси өтт… -
АГРАРНЫЙ ПУЛЬС УЛКЕН АКСУ
Улкен Аксуский сельский округ, объединяющий более пяти тысяч жителей, раскинулся на террит…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Ерлан Сайыр: Қоғам Ата заңның нормаларын бұлжытпай орындауы керек
«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Сайырдың Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменов…
