Менің ойымша, жаңа Конституцияны қолдау – елдің болашағына деген жауапкершілікті сезіну. Өйткені Конституция – мемлекеттің басты заңы, ол қоғамдағы тәртіпті, әділдікті және әр азаматтың құқығын айқындайды.
Бүгінгі күні елге қатысты маңызды мәселелердің халықпен бірге талқылануы – өте маңызды. Әр азамат өз пікірін айтып, елдің болашағына қатысты таңдауға қатыса алуы қоғам үшін үлкен мәнге ие.
Жаңа Конституция – еліміздің алға нық қадам жасауына мүмкіндік беретін маңызды құжат деп ойлаймын. Ол мемлекет пен халықтың арасындағы сенімді нығайтып, қоғамның дамуына жол ашады.
Сондықтан әрқайсымыз ел болашағына бейжай қарамай, осындай маңызды бастамаларға жауапкершілікпен қарауымыз керек. Бірлігіміз мықты болса, еліміздің ертеңі де жарқын болады деп сенемін.
Аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Г. Муртузаева
