Басты бет Ата Заң ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

0
14

Мен үшін жаңа Конституцияны қолдау – елдің ертеңіне бейжай қарамайтын әр азаматтың ортақ жауапкершілігі деп ойлаймын. Өйткені Конституция – мемлекеттің негізгі тірегі, қоғамдағы әділдік пен тұрақтылықтың кепілі. Онда халықтың құқығы, бостандығы және мемлекет дамуының басты бағыттары айқын көрсетіледі. Бүгінгі таңда еліміздің болашағына қатысты маңызды мәселелер халықтың пікірін ескере отырып талқыланып жатқаны – азаматтардың дауысына құрметтің белгісі. Әр адам өз ойын білдіріп, ел тағдырына қатысты таңдауға қатыса алуы – қоғамның бірлігін күшейтеді. Мұндай қадамдар ел ішіндегі сенімді арттырып, мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайтады. Жаңа Конституцияны қолдау – тек құжатты қабылдау ғана емес, ол елдің тұрақты дамуына, әділ қоғам қалыптастыруға және әр азаматтың мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған маңызды қадам. Сондықтан әрқайсымыз ел болашағына жауапкершілікпен қарап, ортақ іске үлес қосуымыз қажет деп есептеймін. Бірлік пен татулық сақталған жерде ғана мемлекетіміздің келешегі нық әрі жарқын болатынына сенемін.

Оразалиев Серік Сүлейменұлы
Шарын ауылдық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдызды футбол матчы өтті

Алматы облысының Қарасай ауданында жұлдыздардың қатысуымен ерекше шоу-футбол матчы ұйымдас…