Ұлттың жаны тілінде. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Тіл – әр халықтың ұлттық мақтанышы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «Мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлықта емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағында» деген болатын. Яғни тіл тағдыры ел тағдырымен бөлінбес ұғым. Жылнамадағы күнтізбеде Қазақстан халықтарының тілдері күні деген айтулы күннің орын алуы да жайдан жай болмағаны.
Аудандық мәдениет үйінде тілдер мерекесі жоғары дайындықпен, бүлдіршіндердің жүрекжарды тілектері, бал тілді әндері мен жырларымен нұрлана түсті. Мерекелік шара «Қара қылды қақ жарған қаз дауысты Қазыбек» атты Қазыбек бидің шешендігіне арналған шағын сахналық қойылыммен басталды. Үлкен тапқырлығымен қоса ғажайып шешендігімен қазақ пен қалмақтар арасындағы елшілік қызметін дәріптеген, екі ел арасын бітістірудегі ерен еңбегін паш еткен тарих бетіндегі өзіндік орны ерекше тұлғаның бейнесі нанымды шықты деуге болады. Бір сәт тарих қойнауына сүңгіп, аталардың ерлігін көз сүзгісінен өткізіп, жүректерінің мықтылығына, тілдерінің құнарлығына таңдандық. Тектілігімізге қуандық. «Балбөбек» балабақшасы бүлдіршіндерінің батырлар биі де жиылғандардың көңіл-күйіне дем беріп, шаттандыра түсті.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнімен ресми ашылған жиынның алғашқы құттықтау сөзін алған аудан әкімі Шухрат Нурахунов көптеген ұлттар мен ұлыстарды ұйыстырып, бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүргізіп отырған біздің елдей бақытты ел жоқтығын айта келе, әр ұлт өз тілінде сөйлеуіне, білім алуына мүмкіндік тудырып отырған Елбасының саясатына жоғары бағасын беріп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тілдің де зор мәртебе алып, латын әліпбиіне өту мәселесінің де маңызды екендігін айтты. Тілдер мерекесімен көпшілікті құттықтап, біраз тіл жанашырларына өзінің «Алғыс хатын» табыстады. Шонжыдағы бес орта мектебі оқушыларының әр жанрдағы дайындаған концерттік бағдарламалары да жиналғандарды серпілтіп тастады. Балабақшалар арасында тіл айлығында жеңімпаз атанған кішкентай бүлдіршіндер тіл туралы танымал ақындардың өлеңдерін жатқа оқыды. Жай ғана оқып қоймай титімдей жүректерімен мәнерлеп, шарықтау шегіне жеткізіп, болашағымыздың бекемдігіне, өздерінің жаны да, тілі де елі деп соғатындығына риясыз сендірді. Толқытты, көзімізге жас әкелді. Тәубе дедік. Жаңабай Құдайбергенов атындағы орта мектебі оқушыларының музыкалық сәлемінен соң Ернар, Анар Жанысбаевтардың орындауындағы тәуелсіздік жыры шараның нүктесін қойды.
Мемлекеттік тіл Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігіміздің үні. Ана тіліміздің тұғыры мықты болуы өз қолымызда. Балаларымыздың өз ана тілінде таза сөйлеп, өз ана тілін құрметтеуі жолында осындай шаралардың берері көп-ақ. Тіл мерекесі мәресіне жаңаша леппен, тың ойлармен жетті.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі
Алматы облысында ауылдық округтер әкімдерінің бірінші форумы өтті. Шара жергілікті билік ө… -
Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
Іс-шара «AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылды. Форумға Алматы облысының әкімі М… -
Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады
Коммуналдық қызметтерге қатысты өтінімдер мен шағымдарды енді «109» бірыңғай байланыс орта…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Президент өңірдегі құтқарушылармен, еріктілермен және кәсіпкерлермен кездесті
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында су тасқынынан з…