Басты бет Саясат Бағчай Абай Арыстанбекұлы жұмыс сапарымен Ұйғыр ауданына келді

Бағчай Абай Арыстанбекұлы жұмыс сапарымен Ұйғыр ауданына келді

0
264

«AMANAT» партиясы өкілі Ұйғыр ауданында: халықпен байланыс, нақты мәселелер және даму жолы
2025 жылғы 2 шілде күні «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының Аймақтармен жұмысты ұйымдастыру департаментінің инспекторы Бағчай Абай Арыстанбекұлы жұмыс сапарымен Алматы облысы, Ұйғыр ауданына келді.

Іссапардың басты мақсаты – партияның аудандық филиалының қызметін бақылау, жергілікті деңгейде атқарылып жатқан жұмыстармен танысу және халық қалаулыларымен тікелей пікір алмасу болды.

Сапар аясында Бағчай Абай Арыстанбекұлы «AMANAT» партиясы Ұйғыр аудандық филиалының ішкі жұмысымен жан-жақты танысты. Атап айтқанда, филиалдың материалдық-техникалық базасы, құжат айналымы, партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысы назарға алынды.

Сонымен қатар, инспектор аудандық мәслихат депутаттарымен арнайы жиын өткізді. Жиын барысында әр депутат өз сайлау округіндегі өзекті мәселелерді, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін ортаға салып, нақты ұсыныстар білдірді. Бұл кездесулер партия мен халық арасындағы байланысты нығайта түсуге бағытталған маңызды диалог алаңына айналды.

Бағчай Абай Арыстанбекұлы Ұйғыр ауданындағы ірі бастауыш партия ұйымдарының да жұмысымен танысты. Ол бастауыш ұйымдардың қоғамдық-саяси белсенділігіне жоғары баға беріп, олардың жергілікті деңгейдегі рөлін ерекше атап өтті.

Сапар соңында инспектор «AMANAT» партиясының Жол картасына енген маңызды нысандарды аралап шықты. Құрылыс жұмыстарының барысын көзбен көріп, жауапты мамандармен пікір алмасты. Нысандардың дер кезінде және сапалы іске қосылуының ел игілігі үшін аса маңызды екенін жеткізді.

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

КЛЮЧЕВЫЕ ВОПРОСЫ ИРРИГАЦИИ

В последние годы вопросы эффективного управления водными ресурсами и развития ирригационны…