Басты бет Заң және қоғам СЕН ҚОҒАМҒА КЕРЕКСІҢ

СЕН ҚОҒАМҒА КЕРЕКСІҢ

0
2,021

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Сен қоғамға керексің» жобасының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бас бостандығын айырумен байланысты емес жазасын өтеп жатқан, аудандық пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді жандандыру жолында аудандық прокуратурада жиын өтті. Жиынға құзырлы орын қызметкерлері қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ең алдымен сөз тізгінін ұстаған аудандық прокуратураның прокуроры Нұрсұлтан Жүніс пробация қызметінде тіркеуде тұрған азаматтардың жұмысқа тұруы үшін барлық жағдайлардың жасалуы керектігін алға тартып, аудандық жұмыспен қамту орталығына барлығының бірдей тіркелуі керектігін ескертті. Ал аудандық орталық аурухана басшысының орынбасары Рахметжан Зайнидинов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру турасында түсінік берді. Сонымен қатар істі болған азаматтардың тексеруден жиі өтіп тұруы қажеттігін де ескертті. Жиналысқа қатысқандардың ішінен тұрақты жұмыспен қамтылғысы келетіндердің саны көп. Бірақ, жұмысқа жарамсыздар да араларынан шығып жатты. Олардың бірі – мүмкіндігі шектеулі болса, екіншісі ауыр науқаспен ауыратындар. Бұлардың барлығына мүмкіндігінше жағдай жасалып, әлеуметтік көмек толығымен көрсетілмек. Өмір жолында теріс жолға түсіп кеткендердің ендігі уақытта қателіктерін түсініп, барлығын қалыпқа келтіріп, қоғамға пайдасын тигізіп, елмен, халықпен араласып жатса нұр үстіне нұр болатындығы анық. Соған қарай құқық қорғау органдарының да істі болған азаматтарға артатын сенімі зор.


Думан

ТОЙҒАЗЫҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЗОРЛУҚ-ЗОМБУЛУҚҚА ҚАРШИ ЖАЗА ҺӘҚҚИДӘ

Йеқинда ижтимаий торларда Қазақстан ажришиш бойичә дунияда биринчиләр қатарида туриватқанл…