Басты бет Ақпарат ағыны ЭКСПО кешенінің автотұрағы ақылы болады

ЭКСПО кешенінің автотұрағы ақылы болады

0
232

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарушы директоры, Жаңа технологиялар және IT департаментінің директоры Владимир Соболев көрме аумағында тұрақ орындары қалай ұйымдастырылатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.

Владимир Соболевтің сөзінше, көрме кешенінде автотұраққа арналған аумақ өте көлемді болмақ және ол арнайы смарт-жобамен басқарылады. «Ақылды автотұрақ» кешен аумағына қанша көлік кіргенін, қаншасы шыққанын тіркеп отырады. Мысалы, адамдар кірер кезде бірінші және екінші тұрақта орын жоғын, ал үшінші тұрақта көлік үшін бірнеше орын барын біледі», — деді ол ЭКСПО кешенінде өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, егер автотұрақта көліктер үшін орын аздық етсе, автомобильдер көрме кешенінің айналасында орналасқан қосымша тұрақтарға бағытталады. Астана әкімдігімен бұл мәселе бойынша тиісті келісім жасалып та қойған. «Көрме аяқталғаннан кейін, автотұрақ орнында басқа нысандар салынатынын айтқан жөн. Дегенмен біз орнатқан құрылғылар қажетсіз болып қалмайды. Көрме нысандарының астында 3 мың көлікке арналған автотұрақ салынады. Автотұрақ ақылы негізде жұмыс істейді. Тарифтер келісіліп жатыр. Әзірге оның құнын айта алмаймын, бірақ оның көлемі қаладағы өзге де автотұрақтармен бірдей болады. Мұнда Астанада алғаш рет қолма-қол ақшасыз төлеу жүйесі енгізілмек. Қазіргі уақытта банктердің бірімен келісім жасап жатырмыз. Егер барлығы іске асса, келушілер автотұрақ орны үшін қолма-қол ақшамен ғана емес, банк карточкалары арқылы да төлем жасай алатын болады», — деп атап өтті Соболев. Кешен аумағында автотұрақтардың бірнеше түрі болады. Олардың басым бөлігі қарапайым келушілерге арналады, сонымен қатар такси жүргізушілеріне және автобустарға арналған автотұрақ орындары қарастырылған. Жалпы, автотұрақта 5 116 көлікке орын жетеді.

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды толтырыңыз *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕРЕКШЕ ЖОБА ІСКЕ АСУДА

Алматы Облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында « І. Жансүгіров атындағы Жетісу мем…