Басты бет Көкжиек ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ АЛҒЫСЫН АРҚАЛАДЫ

ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ АЛҒЫСЫН АРҚАЛАДЫ

0
157

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің 2023-2024 оқу жылындағы халықаралық және республикалық олимпиадалар мен жарыстар жеңімпаздарын марапаттау салтанатына қатысуға ауданнан  бес оқушы лайықты деп танылды. Алдыңғы сандарымыздың бірінде №3 Илья Молутов атындағы орта мектебінің оқушысы Дилинур Юрикова республикалық олимпиаданың бірінші дәрежелі дипломына ие болып келгендігін хабарлаған болатынбыз. Сол қызымыз бен оның ата-анасы облыс әкімінің алғыс хаты мен бағалы сыйлығымен марапатталды. Сонымен бірге ұстазы қазақ тілі пәнінің мұғалімі Майра Зиналова облыстық білім басқармасының Алғыс хатын алды. Шошанай орта мектебінің оқушысы Сырғалым Елжанқызы үздік оқушылардың, олимпиада жүлдегерлері жайында өзі әзірлеген бейнеролигін көпшілік назарына ұсынды. Кітабы шыққан ақын қызды өңір басшысы жылы сөздерімен қарсы алып, оған және ата-анасына  алғыс хатын табыс етті. Белгілі себептермен жиынға қатыса алмаған Аружан Мұратқызы, Әбен Нұрай, Амир Юрьевтердің де ата-аналары мен өздері Алғыс хатқа ие болды. Онда өңір басшысы өзінің ақжарма тілегін  «Сіздің жоғары деңгейдегі білім сайыстарында ерекше қабілет танытып, үздік жетістіктерге қол жеткізгеніңіз үшін алғысымды білдіремін. Жастық шақ – орны толмас қазына. Бүгінде бар ынта-жігерін терең білімге арнаған Сіздің болашақта еліміздің дамуына өзіндік үлес қосып, із қалдыратыныңызға сенімім мол. Қашанда алған қойған мақсатыңызға, биік армандарыңызға жетуге тілектеспін» – деп ақтарды. Оқушыларға жетекші ретінде барған Майра Екпінқызы өз шәкірттерінің үлкен сахнада үлкен жетістіктерінің жемісін көрген сәтіне мақтаныш сезімін жеткізді. Балалардың шынайы қуанғаны, өздерінің еңбегінің жоғары бағаланғаны – олардың ертеңіне ашылған даңғыл жол. Жеңісті күндеріміз көп болғай.

Баян МАМЫРБАЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҰСТАЗ АТЫ БИІК ӘРІ МӘҢГІЛІК

Жыл сайынғы жомарт күз астығын шашып, қамбаларды толтырып, одан қалса бірнеше жайдары мере…