Басты бет Саясат МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ СҮМБЕ АУЫЛЫНДА ӨТТІ

МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ СҮМБЕ АУЫЛЫНДА ӨТТІ

0
451

24 қараша күні «AMANAT» партиясының мобильді топ құрамы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылына қарасты Сүмбе елдімекенінде болып, жергілікті тұрғындарды толғандырған мәселелерін тыңдады.
Қабылдау топ құрамында Алматы облыстық мәслихат депутаты Ақжолтаева Алия Ақжолтайқызы және Илахунов Абдуманап Аблахаевич,  аудандық мәслихат депутаты Надырханов Марғұлан Қожаханұлы сонымен қатар  аудандағы мекеме мамандары қатысты.
Мақсат – шалғай орналасқан елді мекендердегі тұрғындардың өзекті мәселелеріне құлақ түріп, тиісті деңгейде шешілуіне атсалысу, бағыт-бағдар мен кеңес беру.


Қоғамдық қабылдауға алғаш¬қы¬лар¬дың бірі болып келген тұрғындар   ауылдағы ауыз су мәселесін және ауыл шаруашылығы мәселелерін, денсаулық саласы, жұмыссыздық мәселесі бойынша бірқатар сұрақтарды көтерді.
Денсаулық саласына байланысты қойылған сұрақ  Сүмбе ауылындағы аурухананың қазіргі уақыттағы жұмыстары туралы болды және аудандық орталық ауруханаға халыққа тиімді жағдай жасалынса деген өз өтініштерін білдірді.
Аталған сұраққа Алматы облыстық мәслихат депутаты тиісті жауап беріп алдағы уақытта назарда болатындығын жеткізді.
Ауыл шаруашылығы, су мәселесі, жұмыссыздық мәселесі бойынша қойылған сұрақтарғада тиісті манадар жауап беріп бақылауда болатынын айтты.

Айта кетейік жыл басынан бері  партия филиалының қоғамдық қабылдауына 700 ге жуық  өтініш түсіп, оның 45 % оң шешімін тапқан болатын. Аптасына бір рет «Құқықтық көмек» жобасы аясында халыққа заңгеркіл кеңестер берілсе, ай сайын қабылдау бөлімдері шалғай елдімекендерге өздері барады.
#AMANAT

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі

Алматы облысында ауылдық округтер әкімдерінің бірінші форумы өтті. Шара жергілікті билік ө…