Басты бет Саясат «Құқықтық көмек» өз жұмысын жалғастыруда

«Құқықтық көмек» өз жұмысын жалғастыруда

0
678

Бүгін «AMANAT» партиясы Ұйғыр аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде заңгер Оразымбетов Мақсат Мықтыбекұлы және полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Серікболов Сырым Серікболұлы  тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
«Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында өткізілген қоғамдық қабылдауға аудан бойынша алдын ала 10 тұрғын жазылды. Жанайқайын білдіріп, келушілердің қатарында алимент өндіру ісі мен алаяқтық фактілері бойынша және банктерден үлкен соманы құрайтын несие алып, қарызға батырған адамға қатысты шағымдар айтылды. Арызын арқалаған ағайын «AMANAT» партиясы «Құқықтық көмек» жобасы аясында мәселеміз назарға алынса деген өтініштерін білдірді.  Бұдан өзге де қозғалған проблемалар бойынша қоғамдық қабылдау барысында тиісті жауаптар беріліп, бақылауға алуға тапсырмалар берілді. Сонымен қатар «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында өткізілген қоғамдық қабылдауда бірнеше тұрғынға ҚР қолданыстағы заңдары аясында түсінік беріліп, мәселелері заң тұрғысынан қолдау табатыны жеткізілді.

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Креативті индустриялар: Қазақстанда экономиканың стратегиялық маңызды секторы қалай дамып жатыр?

Креативті индустрияларды дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі, бұл сала Ме…