Бұл сұраққа «әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев түсініктеме берді.Егер Сіз келесі жеңілдік санаттарының біріне кірсеңіз, мемлекет Сіз үшін МӘМС жарналарын төлейді.
— Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ 26-бапқа сәйкес. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» азаматтардың келесі санаттарына МӘМС жарналарын төлеуден босатылды:
— балалар
— жұмыс істемейтін жүкті әйелдер
— баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі)
— жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар
— «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар
— мүгедек баланы күтіп-бағуды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар
— бала кезінен мүгедектерге күтім жасаушылар
— мүгедектер
— зейнеткерлер мен ҰОС ардагерлері
— орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар
— жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар
— жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар
— жұмыс істемейтін оралмандар
— қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда)сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар
— тергеу изоляторларындағы адамдар, -филиал директоры Нұрлан Отарғалиев атап өтті.
ММС туралы Заңға сәйкес олар үшін жарна төлеуден босатылғандар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде мемлекет төлейтінін еске саламыз.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы