Адалдық – басты парыз

0
232

Биыл тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Ғасырлар бойы ата-баба аңсаған азаттық осыдан дәл 30 жыл бұрын басымызға бақ болып қонды. Міне, сол күннен бастап елдігімізді көрсетер ерен істеріміз ел алдында жүзеге асып жатты. Елбасының сарабдал саясаты арқасында біздің мемлкетімізбен санасар елдер көбейді. Әрине, әрбір егемен елдің өзіндік заң шығарушы органы, өзінің заңы, құқық қорғау саласы болуы шарт. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясына сәйкес Қазақ КСР-ның Жоғары Кеңесінің 6 желтоқсан 1991 жылғы қаулысымен еліміздің тәуелсіз прокуратура органдары құрылған болатын. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 25 ақпан 2004 жылғы бұйрығымен 6 желтоқсан Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылған күні ретінде жарияланып, жыл сайын атап өту белгіленген.

Міне, содан бері де 30 жыл болды. Ауданымызда да прокуратура саласы тұрғындар құқығын қорғау мақсатында толассыз еңбек етті. 30 жыл ішінде талай қылмыскердің өзіне тиесілі жазасын алуға, талай азаматтың заңсыз құқығының тапталуынан қорғалуға да біздің сала қызметкерлері тер төкті. Аудандық прокуратураны небір білікті мамандар басқарды. Олардың артында биік абыройлары мен өнегелі істері қалды.

Азамат­тардың өтініштерін қарау, сон­дай-ақ Конс­титу­ция­да бекітілген құ­қық­тарын қор­ғау прокуратура органдары қыз­­метінің ма­ңызды бағыт­тары­ның бірі болып табылады. Прокуратура органдары заңдарда белгіленген тәртіп пен заң бұзу­шылық жө­ніндегі арыз­дарды қарап, адамның және аза­маттың, заңды тұл­ғалардың құ­қық­тары мен заңды мүдделері­нің бұзы­луын жойып, құқықты қалпына келтіру шара­ла­рын қолданады. Сондықтан да Мем­лекет­тік билік орган­дары­ның жүйе­сін­де прокура­тура­ның орны әр­дайым ерекше. Жоғары қадаға­лау жасауға конс­ти­туция­лық өкілдігі бар бұл салаға Ота­ны­­мыз­дың игілігі үшін қызмет ету, заңдылықты сақтау, мемлекет пен қоғам мүд­десін қорғау міндеттелген. Осы себепті де бұл саланың қиындығы шаш етектен. Бірақ мамандығына адал біздің қызметкерлер қиындықтарға қарамастан халық игілігі жолында еңбек етіп келеді, ете де береді. Бүгінгі күнде де аудандық прокуратурада 8 маман жұмыс істейді. бәрі де білікті, білімді. Өз салаларының білгірлері десек те қателеспейміз.

Ел тәуелсіздігімен тұспа-тұс келген прокуратура қызметкерлерінің төл мерекесі құтты болсын! Барлық әріптестерімді осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтап, қазақ елінің азаттығын мәңгі ету жолындағы жұмыстарына табыс тілеймін! Әріптестерге басты тілек: өз қызметіне адал болу. Себебі, бізге, құқығы тапталып, жапа шеккендер бізден пана іздеп келеді. Оларға көмек көрсету – кәсіби міндетіміз ғана емес, адамгершілік парызымыз. Сондықтан сол парызымызды ойдағыдай атқарайық. Әрқайсысыңызға мықты денсаулық, қыз­меттеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!

Арман ОМАРОВ,

аудан прокуроры

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ БОЛСЫН!

(Аудан әкімі Бота Елеусізованың құттықтауы)  Құрметті аудан тұрғындары! Қадірменді ағайын!…