Мамандығым – мақтанышым

0
723

Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында тұрмыз.

Осы ұлы мерекемен қатарласып Қазақстан Республикасы Прокуратурасының 30 жылдығы да келіп жетті.

Қазіргі таңда мемлекеттік механизмде прокуратураның қоғамдық және саяси маңыздылығы туралы айтқанда, ең алдымен, прокуратура мемлекеттік биліктің жоғары органдарымен қатар, өкілеттігі, ерекше мәртебесі және айрықша өкілеттіктері Конституцияда бекітілген жалғыз құқық қорғау органы екенін атап өту қажет.

Осы уақытта аудан прокуратурасы ағымдағы азаматтардың құқықтарының қорғалу мәселесінде айтарлықтай біршама жұмыстар атқарған.

Яғни, биылғы жылы 24 талдау және 5 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 41 заң бұзушылық анықталып, олар бойынша 38 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, 64 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Қадағалау актісінің қаралуы бойынша 2391 азаматтың құқықтары қорғалып, 20 млн астам қаражат мемлекетке қайтарылған.

Сонымен қатар, бизнес субъектілері де назардан тыс қалған жоқ, биылғы жылы 113 кәсіпкердің құқығы қорғалып, оларға қатысты заңсыз жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша 4 құжат бұзылған.

Жаңа заңға сәйкес қылмыстық процесстің үш буынды моделі қалыптасты. Бұл модель арқылы қылмыс орбитасына түскен азаматтардың дер кезінде құқықтарының қорғалуы қамтамасыз етілді.

Тәуелсіздік жетістіктерін прокуратура органдарының қызметкерлері, яғни біз қайсарлықпен қорғауға, осы ізгі қызметке қызмет ету үшін бүкіл тәжірибеміз бен біліктілігімізді саламыз.

Прокуратура органдарында қызмет ету әрқашан маңызды және жоғары өнегелік іс деп есептеймін.

Е.ОЛЖАБЕКОВ

аудан прокуратурасының прокуроры

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ БОЛСЫН!

(Аудан әкімі Бота Елеусізованың құттықтауы)  Құрметті аудан тұрғындары! Қадірменді ағайын!…