Басты бет Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Тәуелсіздік пен заңдылық бір ұғым

Тәуелсіздік пен заңдылық бір ұғым

0
1,004

Егемен еліміз үшін азаттығымызды айқындайтын ең қастерлі де ұлық мереке болып табылатын Тәуелсіздігімізге 30 жыл толуымен қатар 6 желтоқсанда Қазақстанның прокуратура органдары да өзінің 30 жылдық мерекесін атап өтті. Айтуға оңай болғанымен бұл жылдар бүкіл еліміз үшін сынаққа толы уақыт болды. Заңдар өзгерді, қоғамдық формация ауысты, құрылым жаңаша сипат алды. Тәуелсіз мемлекет болғандықтан оның барлық пішіні, түр-түсі, өзінің ұлттық болмысына қарай өзгеруі тиіс-ті.
30 жылдың ішінде прокуратура Қазақстанның құқық қорғау жүйесіндегі орталық институтының бірегейіне айналды.

Тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан өзінің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуында қомақты табыстарға қол жеткізіп, әлемдік аренада зор беделге ие болды.

Азаттықтың таңы атып, күні шыққалы да 30 жыл уақыт өтіпті. Елбасымыздың сындарлы саясатының, қазақстандықтардың ауызбірлігі мен татулығының арқасында көптеген белестерді бағындырдық. Прокуратура саласы да көптеген сатылардан өтіп, бүгінгідей заңдылық пен құқықты қорғаудың негізгі күшіне айналды. Бәріміздің көздің қарашығындай сақтайтын басты құндылығымыз – Тәуелсіздігіміз. Ал сол тәуелсіздікті кір шалдырмай, оның өсіп-өркендеуіне үлес қосып келе жатқан үлкен күштің бірін прокуратура десек қателеспейміз. Қазақстан Республикасы прокуратурасының қалыптасуы мен даму кезеңдері туралы айтар болсақ, оны бірнеше сатыға бөлуге болады. Ол қалыптасу мен дамудың ұзақ жолдарынан өтті. Тарихы әріден басталатын болса да прокурорлық қадағалаудың одан әрі дамуы және прокуратура органдары жүйесін реформалау кезеңі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алған сәтінен басталды.

1991 жылдың 6-шы желтоқсанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР прокуратурасы органдарының бірыңғай жүйесін құру, оның дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» Қаулысымен Қазақ КСР-ның Бас Прокурорына бағынатын бірыңғай прокуратура органдарының жүйесі құрылды. Қазіргі кезде 6 желтоқсан Қазақстан прокуратурасы күні болып аталып өтуде.

Мемлекет басшысына ғана есеп беретін және Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын прокуратура органдары адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының берік сақталуы, мемлекеттің мәртебесіне көлеңке түспеуі мен мүддесінің қорғалуы сынды аса маңызды міндеттерді жүзеге асырудың құқықтық құралы болып табылады.

Жалпы прокуратура құрылымын кезең кезеңге бөліп қарауға болады. Әр дәуірдің өз заңдылықтары, талаптары болды. Жалпы біздің аудандық прокуратураның тарихы сонау 1928 жылдан басталады. Сол жылғы алғашқы аудан прокуроры әйел адам болған Ажар Ахметова деген. Қайта құру, нарық, өтпелі кезеңдер өзінің өкпек желін прокуратура саласына тигізбей қоймады. Дегенмен заңдылықтың сақталуы қашанда басты назарда болғандықтан оны білікті заңгер, тәжірибелі мамандар басқарғандықтан ауданда өрескел құқықбұзушылық, заң таптаушылық сирек болды. Тәуелсіздік алғаннан соң Төлеген Досболдинов, Естай Самамбетов, Талап Калиакберов, Турған Насыров, Болат Құрманғалиев, Боранәлі Ақпанбет, Әбдіберік Әділбеков, Әбдімәлік Саитбеков, Еркінғали Серікбаев, Шәміл  Кұтеловтер абыроймен өз міндеттерін атқарды. Мереке күні олардың аттарын атап, бір ауыз жыл сөз арнау орынды болар деп ойладық.

2016 жылдың қазан айынан бастап Омаров Арман Найманбайұлы аудан прокуроры лауазымын атқарып келеді. Бүгінгі таңда 8 қызметкер заңдылықтың сақталуы жолында білімдерін сарп етуде. Мереке қарсаңында еңбектерінің жемісін көріп, көптеген қызметкерлер марапаттарға ие болды. Осы тұста оларға да құтты болсын айтуды жөн көрдік. Аудан прокуратурасында ұзақ жыл еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан Тұрар Мұңайтбасов Прокуратураға 30 жыл мерекелік медалімен марапатталды. Дәл осындай марапат аудан прокуроры Арман Найманбайұлы мен кеңсе жетекшісі Назира Қасымжановаларға да бұйырды. Құтты болсын айтамыз. Кәсіби мерекелерімен аудандық прокуратура қызметкерлерін шын жүректен құттықтаймыз. Заңдылықтың сақталуы мен құқықтың бұзылмауы жолындағы еңбектеріңіз жансын. Қара қылды қақ жаратын әділдік пен адалдық жұмыстарыңызда серік болсын. Мерекелеріңіз құтты болсын.

Баян МАМЫРБАЕВА

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

МУСТӘҚИЛЛИК ПАРАВӘНЛИГИМИЗНИҢ АСАСИ

Әтә елимиз Қазақстан хәлқиниң «Жумһурийәт мәйрими» күни нишанлиниду. Мәзкүр сәрләвһә әтрап…