Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі халқына Жолдауында басты мәселелердің бірі ретінде еліміздегі мал шаруашылығын дамыту мен ветеринария саласын арнайы қызметтер қатарына қосуды айтып өтті. Сол саладағы мамандарды жоғары дәрежеде дайындап еліміздегі мал шаруашылығының ахуалын жақсартуды қажет деп атап өтті. Ветеринария саласын реформалап, қызмет сапасын арттырып, мамандарды дайындау мәселесін нақтылап айтып, Үкіметке арнайы тапсырмалар берді. «Ветеринария жүйесін реформалау бойынша шаралар қабылдануы керек. Мал басының амандығы тиімді жұмысқа байланысты. Сондықтан, қажетті мамандарды дайындау ветеринария қызметі сапасын арттырып, жүйелі жұмыстардың орындалуына серпін болмақ», деді Президент ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында.
Елнұр Досымбеков,
аудандық ветеринариялық станция директорының орынбасары