Басты бет Қазақ елі ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНДЕГІ ТАРТУ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНДЕГІ ТАРТУ

0
598
Алматы облысында тәуелсіздік күніне арналған басты сыйлық 150 сәбидің дүниеге келуі
Алматы облысында Тәуелсіздік күні туған сәбилерге ел  тәуелсіздігінің 30 жылдығы логотипі жазылған орама көрпе үлестірілді. Ұлық мерекедегі бұрын соңды болмаған ерекше бастаманы облыс әкімдігі жүзеге асырды. Дәл осы  айтулы күні облыста барлығы дүниеге 140 сәби келді. Оның 10ы  Талдықорған қаласында.
Жаңа туылған нәрестелердің ең көбі — Қарасай және Іле аудандарында тіркеледі деп күтілуде. Жоспар бойынша айы-күні жетіп отырған аналар 30 және 25. Атап өтсек, жыл сайын өңірде бала туу көрсеткіші артып келеді. Жалпы, жылына 50 мыңға жуық сәби дүние есігін ашады  «, — дейді «облыстық перинаталдық орталық» басшысы Қанат Жұмашев.
Шыр етіп, дүниеге келген нәрестенің үнін есту анаға да, дәрігерге де үлкен бақыт. Міне, осындай бақытты сәтті бастан кешіріп Ескелді ауданында 3, Кербұлақ ауданында -4, Сарқан ауданында-10 әйел тура 16-шы желтоқсан күні ана атанып отыр.
Олардың сөзінше, бұл жәй сәйкестік емес. Отбасылар үшін маңызы зор қуаныш. Енді олар  қос мерекені қатар тойлайтын болады.
«Тәуелсіздік күн жыл сайын біздің шаңырақ үшін қастерлі мереке саналатын. Бүгіннен бастап тағы қуанышымыз еселеніп жатыр. Қатарымыз толығуда. Барлық қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын. Осындай алаңсыз күндеріміз көп болсын. Осы ретте облыс басшылығына алғыс білдіргім келеді. Өңірдегі  демографияға көп көңіл бөліп, қолдау танытып жағдайымызды жасап беріп жатқан.  Ақ халаттыларға да рахмет!»,- деп бөлісті жас ана Ақбота Солтанбек.
Ал, Сарқандық көпбалалы ана Назгүл Ерғалива осы күні 7-ші сәбиін босанды. 35 жастағы ана  тәуелсіздік күніндегі туылған ұлым отбасымызға үлкен үлкен сый болды, дейді.
— Күтпеген жағдай болды. Тұп тура 16сы күні босанам деп ойламаппын. Өзім осы орталыққа порталмен келгем. Айы күнім жетіп осы мейрамға бұйыртыпты. Қуаныштымда шек жоқ. Шүкір, қазір 4 қыз, екі ұлым бар. Әкесі де бауырлары да қатты қуанды. Енді біздің отбасы қос мерекені бірге атап өтетін болады»,- деп бөлісті жас ана.
Жалпы, жыл басынан Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталықта 6050-ден аса сәби дүниеге келген. Орталық директорының айтуынша, биылғы жылы бала туу көрсеткіші жоғары. Өткен жылдың 12 айында  6600 ана босанса, жыл соңына дейін 7000-ға жетеді деп күтіліп отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ОТАНҒА ҚЫЗМЕТ – ЕРГЕ МІНДЕТ

Ел арасында қазір баласын әскерге жіберуге қорқатындар саны артқан. Бойларын үрей билеген.…