Басты бет Сайлау 2021 ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ДЕМЕУ БОЛҒАН ПАРТИЯ

ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ДЕМЕУ БОЛҒАН ПАРТИЯ

0
616

Күні кеше ғана үгіт-насихат тобымен жүрген нұротандықтар аудандық аурухананың қызметкерлерімен кездесуге барды. Әрине биыл адам саулығының күзетшілері саналатын дәрігерлер үшін сынаққа толы жыл болды десек болады. Жер жаһанды бір сәтте өз құрсауына алған індет-коронавирус дәрігерлердің кәсібилігін шыңдап, олардың жаңаша жұмыс істеулеріне бағыт берді. 


Бейқамдық, салғырттық, еренсіздік деген пендеге тән қасиеттер басқаша реңк алды. Талай жақсыларымыздың өмірін жалмаған жаман аурумен әлі де күресіп келеміз. Сырқатпен жақын қарым-қатынаста болған медицина қызметкерле-рінің биылғы еңбектері ерлікпен тең болды. Айтып, айтпай не керек бүкіл адамзат дәрігер деген мамандыққа аса бір құрметпен, ізетпен қарады. Олардың жанкешті еңбектерін үкімет басындағылар да, денсаулық сақтау министрлігі де барынша бағалауға тырысты. Бұл биылғы жылдың ұмытылмастай жаңалықтары. Кездесуге келген кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Үміткерлердің көш басында тұрған Нұрәкім Есжан бастаған топтың құрамында дәрігерлердің әріптесі облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Әлия Ақжолтайқызы, көп балалы ана ретінде кандидаттығы ұсынылған Гүлзат Орынбаева, Нұргүл Тұрдәлі, Абдуманап Илахунов, Анар Дүйсенбайқызы, Зайнидин Тохсунов, Арлен Османовтар болды. «Nur Otan» партиясының құрылған күнінен бастап өткенін бәрі де жақсы біледі, олардың алға қойған мақсаттарынан хабардар болған ақ халатты абзал жандардың айтарлары бар екен. Жетістікке толы жылнамамен таныстырған Нұрәкім Есжан медицина қызметкерлеріне алғысын айтты. Ауыр күндерде, адам өмірі тайталасқа түскен сәттерде олардың атқарған жұмыстары шынымен жанкештілікпен пара-пар болғандығын ризашылық сезіммен жеткізді. Әлия Ақжолтайқызы дәрігерлердің барлық жағдайымен жақсы таныс болғандықтан, оларға тек сабырлылық, сәттілік тіледі. Медицина саласына соңғы кездері қыруар қаржы бөлініп, материалдық-техникалық базаларының жақсарып жатқандығына бәріміз куәміз.
Дей тұрғанмен денсаулық саласының заманауи қондырғылармен қамтамасыз етілуі – заман талабы. Соңғы үлгідегі УЗИ, томография, МРТ қондырғылары аудандық ауруханаға ауадай қажет. Әлі де жетіспей жатқан аппараттардың, сонымен қатар тозығы жеткен ғимараттардың жаңалану керектігін айтты дәрігерлер аманат ретінде. Орталық аурухананың заман талабына сай келмей тұрған тұстары бар екендігін, сондықтан бұл мәселе өз шешімін табуы керек деген тілектерінің орындалуына барлық мүмкіндіктердің жасалатынына үміт отын жақты үміткерлер. Анар Дүйсенбайқызы партияның ертеңгі күнге арнаған жоспарларын айта келіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында білім, денсаулық саласы жайында жүйелі жобалардың бар екендігін түсіндірді. Партия өз қызметін бастаған жылдар ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстан халқын топтастырудың негізгі тетігіне айналды. «Nur Otan» – еліміздегі саяси және экономикалық реформалардың басты бастамашысы және іске асырушысы. Қазақстанда қолдаушыларының саны көп саяси партия ретінде, «Nur Otan» дамудың стратегиялық бағытын анықтау кезінде әрдайым халықтың пікіріне сүйенді, оның мүддесі мен қажеттілігін білдіріп отырды. Сондықтан да «Nur Otan» партиясы мемлекеттік билік пен қоғамды, Президент пен оның халқының екіжақты байланысы мен өзара іс-қимылының тиімді өзегіне айналғандығын жетер құлаққа жететіндей сөздермен әңгімеледі. Қазақстанның қазіргі заманғы барлық табыстары мен жетістіктері елдің басты партиясы мен оның көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметімен тікелей байланысты екенін зор сеніммен айтты.

Баян
МАМЫРБАЕВА

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

САЯСИ НАУҚАН ЕРЕКШЕ

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қарсаңында ел ішінде сайлауалды науқан басталды. Ауданымызд…