Басты бет Саясат Жарқын болашаққа бірге жетеміз

Жарқын болашаққа бірге жетеміз

0
1,407

Барша қазақстандықтар дәл бүгін естен кетпес тарихи
сәттің куәгері болды. Мемлекет басына жаңа басшы сайланып, халықтың таңдауымен
Қасым-Жомарт Тоқаев ел басқаруға кірісті. Қазақстан Республикасының Президентін
ұлықтау рәсіміне арналған салтанатты жиында болып, Мемлекет басшысының нақты
мақсат-міндеттерін Нұр-Сұлтан тұрғындарымен бірге естідім. Бүгін жаңа басшымыз
барша қазақстандықтардың алдында ант беріп, Қазақстан халқына адал қызмет
ететіндігін, Президенттік жүктелген міндеттерге адал болатындығын жеткізді.
Сонан соң өзінің алға қойған мақсат-міндеттерін айтып, Елбасы саясатын одан ары
жалғастыратындығына сендірді. Шындығында бір шаңырақ астында жүз отыздан астам
ұлтты ұйыта білген Елбасы саясатын жалғастырушы бірден-бір тұлға Қасым-Жомарт
Тоқаев екендігіне халықтың нақты көзі жетті. Алдағы уақытта жаңа басшының
міндеттері мен тапсырмалары тиянақты орындалып, еліміздің гүлденуі мен көркеюі,
қарыштап дамуы жалғасын табады деген ойдамын. Президентіміз ел ішіндегі басты
мәселелерді де ұлықтау рәсімінде атап өтті. Соның ішінде халықтың тұрмыс
сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлықты түп тамырымен жою, тұрғын үй мәселесін
жүйелендіру, білім мен медицина саласын жетілдіру көпшіліктің көңілінен орын
алғандығы анық. Аталған мәселелер өз кезегімен шешімін тауып, мемлекетіміздің
басты байлығы – халықтың жағдайы жақсаратындығына жүз пайыз сенім
білдіремін. 

Мәулен НҰРОВ,

«Нұр Отан» партиясы
Ұйғыр аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Джевдет Йылмаз поблагодарил за оказанное гостеприимство и передал Касым-Жомарту Токаеву теплые пожелания турецкого лидера

По его словам, Глава Турции придает особое значение своему предстоящему визиту в Казахстан…