Басты бет Рухани жаңғыру Латынмен жазылған алғашқы диктант

Латынмен жазылған алғашқы диктант

0
1,079

Ел бағдарын бағдарлаған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ауқымды жұмыстар жүзеге асуда. Әсіресе латын қарпіне көшу мәселесі қоғамның қызу талқысында. Біріміз латынға көшу әлі де ерте екенін айтып, алдағы қиындықтар мен қаржыны желеу етсек те, заманның өзі қаріп ауыстыруға қажеттілік тудырып отыр. Әлем латынмен жазып, латынмен техника тілі сөйлейді. Ендеше бізге озық отыз елдің еншісін бөлісеміз десек, латыннан қашудың қажеттігі жоқ. Мемлекет басшысының жарлығымен әліпбидің нұсқасы бекітілді.  Осы нұсқа бойынша шаралар жүзеге асырылуда. Соның бірі – 14 қараша күнгі жалпыхалықтық диктант. 

Жалпыхалықтық диктант республикамыз-дың барлық аймақтарында бір күнде, бір уақытта басталды. Әрі бір мәтін берілді. Жаңа қазақ әліпбиін насихаттауды, латыннегізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыруды, сонымен қатар республика халқының жаңа латын әліпбиіне деген көзқарасы мен танымын тереңдетуді, сол арқылы алдағы уақытқа жоспарланған латын әліпбиіне біртіндеп көшу жоспарына негіз қалау үшін халықты жұмылдыруды мақсат еткен шараға ауданымыздан да тұрғындар, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері жаппай жұмылдырылды. Ауданымыздың 4000 азаматы бір уақытта әрбір елді мекенде диктант жазды. Оқушылардан бастап, мұғалімдер, тіпті ауыл тұрғындары қатысқан диктантқа өз еркімен келіп, білімін тексергендер де болды. Солардың ішінде Шонжы ауылының тұрғыны 63 жастағы Әділқан Иса апамыз Шонжыдағы №4 орта мектепке немерелерін ертіп келіпті. Апамыз 2006 жылы Қытай елінен атамекеніне қоныс аударып, бұрын-соңды оқымаған кирилл әліпбиін үйренеді. Бүгінде кирилл қарпімен жазылған кез келген дүниені еш қиналмай оқып жүр. 7 бала тәрбиелеп, бәрін қанаттандырып, бүгінде немерелерін оқытуды өз қолына алған апамыз Елбасының латын қарпіне көшу турасындағы ұтымды ойларын да қолдайтынын жеткізді. Ниеттенген жанға еш қиындықтың жоқтығын айтқан Әділқан апамыз немерелерінің күнделікті сабақтарына көмектесетіндіктен латын қарпіне көшу туралы мәселе көтерілген күннен әліпбиді өз еркімен үйрене бастаған. Әділқан апа латын қарпін әжептәуір меңгеріп, №4 Шонжы орта мектебіне өзі келіп диктант тапсырды.
76 сөзден тұратын мәтін латын әліпбиі туралы болды. Қатысушылар алдымен мәтіннің аудиожазбасын тыңдады. Тыңдап болған соң аудиожазба арқылы диктантты жазды. Мұнан соң мәтін тексерілді. Әу баста кәдуілгідей қобалжыған азаматтар диктант барысында айтарлықтай қиындықтың тумағандығын, әліпбиді меңгеріп кетуге ешқандай да қиындықтың кедергінің жоқ екендігімен бөлісті. Осылайша елімізде алғашқы латын қарпіндегі диктант жазылды. Ең бастысы ел азаматтарының бұған асқан жауапкершілікпен ден қоюы. Бұл – еліміздің тағы бір жаңа белеске шығуы үшін жасалған алғашқы қадамы.

А.ҚАБИ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…