Басты бет Рухани жаңғыру АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

0
555

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп бекер пайымдамаған. «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» деген мақалдардың айтары көп, сыры басым. Осы тұрғыда өсіп-өнген, бірнеше ауылға жеткен Мәмбетұлы Аламан бидің тарихынан сөз қозғамақпыз.

Алжанның бір баласы Аламан деп атала­ды. Аламан би болған әрі ауқатты кісі екен. Соның бір мысалы мынандай, «Өздерінің айтуына қарағанда Аламанға қызыр дарып, бақ қонған деседі. Аламан байдың жұртқа әйгілі «Қайқы бел қара торы» биесі болып­ты. Барымташылар байдың жылқысын ай­дап кетсе де екі-үш күннен қалмай торы бие үйірін бастап, ауылға келіп отырған. Онда да тегін келместен бір мұнша бөтен жылқылар­ды бірге ертіп келіп, мал саны еселеп өседі. Аламан бай көрінгенге көз салмайтын, ықы­ласы ауғанда ғана қабағын көтеріп тіл қата­тын, малдарын әбден қоралап болған соң сәп сала қарап, малшыларына тиісті тапсы­рмасын беретін әдеті екен. Бірде жылқышы­лар Аламанға келіп: «Байеке, малыңыздың саны асып барады, іздегенге жақсы болсын, таңба белгілеп берсеңіз» депті. Сонда бай қа­зан асатын үш бұтаққа қарап отырып: «Ошақ болмаса, қазан төгілмейді, ал қара қазан – үйдің ырысы» деген ізгі тілекпен ошақты ен­таңба етіп белгілеп берген. Күні бүгінге дейін Аламан ұрпақтары атасының сондағы айтуы бойынша үш аяқты «Ошақ таңбаны» малда­рына белгі етіп келеді. Малды, жанды болу­ды тілеген кісілер Аламан байдың алдына келіп, ықылас батасын алып қайтады екен». (Нұрлан Сәрсенбаев, «Ататек жалғаған ал­тын шынжыр» 2016 жыл 156 б.).

Аламан Алжанұлы Т.Ө.Ж.Б. – би, тегі Ал­бан руынан, Аламан билік ететін Сырымбет, Қиығылық, Шағыр ауылдары 1780 – 90 ж. Лепсі, Сарқан, Бақанас, өзендері аралығын­да көшіп-қонып жүргені капитан И.Г.Андре­ев еңбектерінде жазылған. Сол кезде 450 түтін болған. Ұрпақтары Ақбас, Бекбас, Шоң­бас батырлар Райымбек жасағына қосылған. Жетісу энциклопедиясы, 2004 жыл.

Осы деректер атадан балаға ауызша жетіп отырған. Оның шындық екеніне дау жоқ. Ала­ман атамыздың төрт түліктің төресі жылқы­ны қастерлеп, еңбегінің арқасында үлкен байлыққа ие болған. Заманында қазақтың бар тіршілігі жылқыға байланысты болғанын білеміз.

Қазақ халқы ежелден көшпелі өмір сүрген. Төрт түлік малдың ыңғайына қарай қоныс ау­дарып, малды өсірудің қыр-сырын жетік мең­геріп, күнделікті өмір тіршілігінің көзіне айнал­дырған. Қайда көшсе де отырған қоныстары рулардың атымен аталып келгені көпке аян. Бүгінде Аламан атадан тараған сегіз ұлы – Маясар, Бұршақ, Аю, Мырзағұл, Алтыбасар, Айтуған, Шобалай, Абыз ұрпақтары Сарыжаз, Кеген, Ақтасты, Алматының айналасында өмір кешіп, өсіп-өніп келеді. Ал арғы тарихқа көз жіберер болсақ, XVII ғасырда Кербұлақ өңірінің Қоңырөлең, Басши, Ынталы деген жерлерде өмір кешкенін әлі ұмытылмаған тарихи орындар айқындап отыр. Осы өңірде Аламан тауы, жайлауы, сайы, бұлағы, асуы деген атаулар бүгінде де атауын жоймағанын көріп отырмыз. Аламан атаның бір баласы Аюдың атымен де үлкен бір сай аталып кел­ген. Осы өңірде көптеген оба, қорымдардың орыны әлі сақталып қалған. Көнекөз қария­лардың айтуынша Аламан атамыздың осы өңірге жерленгені туралы деректер кездеседі. Осы аймақтың Қаспан деген жерінде кезінде жабайы құландар өте көп болған, тіптен кей­де үйірлі жылқыларға қосылып жайылғаны жайлы айтылады.

«Аламанның алты қасқыры» атанған сай­ыпқыран ұлдары осы құландарға қызыға отырып, амалдап ұстап, қолға үйретіп, үйір­ге қосқан. Осының нәтижесінде «Аламанның көкаласы» деген жылқының жаңа тұқымы пайда болады. Сөзіміз дәлелді болу үшін қа­зақтың ұлы жазушысы М.Әуезовтің «Қилы ке­зең» кітабын жазу барысында атақты Қарқара өңірін аралағаны, 1916 жылы Албан көтерілісі­не қатысқан жандармен әңгімелескені та­рихта белгілі. Ел арасынан естіген «Аламан байдың Көкаласы атанған текті, сирағы си­дам, алқымы, аңғары кең жылқыларын қайда қоясың?» деген сөздері жоғарыдағы сөзге дәлел. «Қанкелдінің киесі – аттан білем» деген мәтел бар. Қырғыздар Сырымбеттің қалың жылқысын ұрлап айдап кетеді. Сол жылқының ішінде Қанкелдінің де бәсіресі Күреңбестісі болған. Күреңбесті Сырымбет­тің бауыры Аламанның көкала биесінің тұқы­мы еді. Қанкелді батыр келер жылы жылқыны ұрлап айдап кеткен Қырғыз Сару Талпақтың басын алып, жылқыларын қайтарып әкеледі.

Осынау текті жылқыға қызыққан Мақаншы,Үр­жар өңіріндегі тобықтының барымташылары бір үйірін айдап кетеді. Жылқылар жерсінбей ағыны өткел бермес Таскескен өзенінен өтіп, желдей есіп, өзінің өскен мекеніне оралады. Әлі күнге дейін осы өңірде «Көкаланың өт­келі» деген жер атауы сақталған.

Атамыздың таңбасы қасиетті ошақтың нұсқа­сында болса, қазіргі кездегі Аламан бәйгені ойлап тапқан біздің атамыз екеніне күмән жоқ. Ат бәйгесін күншілік жерден белгілі сөреден жіберу барша қазаққа тән. Ол ауыз әдебиетінің жырларында да айтылып келеді. Кезінде Арқада өткен Сағынайдың асындағы Құлагер жүйрік туралы білмейтін қазақ жоқ. Алыстан жіберілген ат жарысын ешкім көріп отырмайды. Тек жүйріктің сөреде келгенін ғана көреді. Біздің ақылғөй Аламан атамыз ойлап тапқан бәйге белгілі қашықтықты манағы қасиетті ошақ нұсқасында он-он бес шақырымды белгілеген шеңбер бойымен ай­нала шабады. Ат бәйгесі десе ішкен асын жерге қоятын қазақ ол жарысты көзбен көріп отырады. Атамыздың көрегендігі сол, бәйге өтетін орын үлкен ипподромға ұқсайды. Ал ат спорты өтетін ипподромдар өркениетті елдердің бәрінде бар. Аламан атамыздың бастауымен болған ат бәйгесі әлі күнге дейін өз құндылығын жоймай, «Аламан бәйге» де­ген атпен өмір ағысымен ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келеді. Қазірде осы қасиетті таң­бамен бүгінгі ұрпақтары жылқыларына таң­ба етіп келеді. Бұл таңба Албан руларының еш бірінде кездеспейді.

Кеңестік кезеңге дейін осынау шұрайлы өңірді мекендеген ұрпақтар арасынан Ал­жан елінде Қаражан Байқазанұлы Қияс көп жыл болыс болған, ол кісінің көмекшісі Ал­тыбасардан Әжіұлы Әймәнбет көмекшілік атқарған. Қаражан атадан Қажыға барған Еспенбетұлы Сұраншы, ірі бай әрі болыс болған. Ол кісінің баласы Байсүгір, немересі Әбдіқалық інісі Дәркембай да болыс болып,ел тізгінін ұстаған қадірлі жандар. Қурайлыдағы қос бейіт Байсүгір мен інісі Сыпатайға арна­лып салынған. Шебер қолдан жасалған асыл дүние ғасыр өтсе де әлі өз қалпын сақтап тұр.

Алтыбасар ата ұрпақтарынан болыс болған Жәйшібек, Ауғанбай Бектенұлдары, жиырма бес жасында болыс болған Манабайұлы Тал­дыбай, Маясар атадан Тәжібайұлы Ұлтанбек болыс болған өз заманының қадірлі жандары деуге болады.

1916 жылғы патшаға қарсы Албан көтерілісі­не белсене қатысқан Алдаберген Қойшы­бекұлы, Әбдіқалық Байсүгірұлы, Жәйшібек Бектенұлы, Тайлақ батыр Тілеуқабылұлы сынды аталарымыздың тарихта аты қалған ерекше тұлғалар екенін ұмытуға болмайды.

Кеңестік кезеңдерде аталарымыз көпте­ген ұлы істерге мұрындық болды. 1946-1950 жылдары Ақтасты өңірінде ғалымдар жа­байы арқармен қазақы қойды будандастыру арқылы қойдың жаңа түрі арқар-мериностың жаңа тұқымын шығарды. Таулы өңірге бейім, қысы-жазы жайылымда болатын биязы жүн­ді, етті осы түлік шаруашылыққа көп пайда әкеліп, Қазақстанның көп аймағына таратыл­ды. Осынау жаңашыл іс жайында «Қазақстан­ның халық жазушысы» Сапарғали Бегалин­нің «Асыл төл» деген тарихи повесінде жан-жақты айтылады. Кеңестік ғалымдардың ерен еңбегі мен ақтастылық қойшылардың тынымсыз, жаңашыл еңбектері тамаша су­реттелген. Сол кездегі «Қызылту» колхозы­ның төрағасы Аламан атаның Мырзағұлынан тарайтын Мүсірәлиев Молдақынға, Қаражан Төлебаев Құрманәліге, Қаражан Жұмақан Қорғанбаевқа Социалистік Еңбек ері атағы беріліп, кеуделеріне алтын жұлдыз тақты. 1950 жылы Мүсірәлиев Молдақын СССР Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. Қазіргі кезде Кеген, Ақтасты ауылдарында осы аталған аталардың аттарына бір бір кө­шенің атауы берілді.

Тәуелсіздік алған байтақ елімізде Аламаннан ғылым-білім, өнер, спорт са­ласында жетістікке жеткен ұрпақтарын ауыз толтырып айтуға болады. «Алаш» сыйлығы­ның иегері ақын Мінуар Әкімханов, ақын-са­тирашы Нұртан Төлепбергенұлы көпке та­нымал. Филология ғылымдарының докторы Күлбархан Сымағұлова, химия ғылымдары­ның докторы Алмагүл Исанбекова ел мақта­нышы. Астаналық театрдың бас суретшісі Доспаев Дәулеттің де еңбегі зор.

Кезінде дзюдодан СССР чемпионы болған Айсара Керімбекова, 1996 жылғы 26- жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Атлантада (АҚШ), 2000 жылы 27- Олимпиада ойындарында 6-орын, Сидней (Австралия), көптеген әлемдік жарыстардың еркін күрестің жеңімпазы Мәулен Мамыров, Қазақ күресінен әлем чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы Бауыржан Тәліп, зілтемір көтеруші Жасұлан Қадырбаев 2014 жылы әлемдік деңгейде ал­тыннан алқа тақты. Ал сахна саңлағы Айқын Төлепбергенді білмейтін жан аз.

Бары да, байлығы да жастар. Халқымы­здың салт-дәстүрін, ділі мен тілін жаңа ға­сырда жаңаша жеткізіп, ғылым-білім жолына түсіп, еліміздің даңқын асқақтатар ұрпақтың қашанда ата жолын қастерлейтініне кәміл се­неміз.

Биылғы жылы Аламан бабадан тараған ұр­пақтары жиналып, ақылдаса келе бабамызға ескерткіш белгі қоюды мақсат етіп, игілікті жұ­мысты бастап кетті.

Нұр МАЛБЕКОВ,

«Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің озаты» зейнеткер ұстаз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Жиырма жасында жаумен жағаласқан батыр қыз

Биыл туғанына 100 жыл толған шығыстың шолпан жұлдызы атанған қазақтың қаһарман қызы Мәншүк…