Басты бет Басты ақпарат ЖЫЛАМАСЫН СӘБИЛЕР

ЖЫЛАМАСЫН СӘБИЛЕР

0
1,436

Аудандық мәдениет үйінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасының негізінде, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ugai production» шығармашылық ұжымының «Жыламасын сәбилер» атты қайырымдылық концерті өтті. Мұның мақсаты – аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы бүлдіршіндерге қол ұшын созу, тәуелсіз еліміздің сәбилері бабаларының тағылымын сезініп мұңлы жандарын қуаныш пен шаттыққа бөлеу.
Жаратқанның ризалығына, Алаш арыстарының рухына бағышталған, болашақ жеткіншектерге үміт сыйлайтын кеште тек жігіттер ғана өнер көрсетті. Олар – тек әнші ғана емес елімізге танымал актер, сазгер жігіттер. Ең алдымен жүргізушілер сахна төріне шығып, қайырымдылық концертінің мақсатымен және кеш қонақтарымен таныстырғаннан кейін сахнаға әнші жігіттерді шақырды. Тақырыпқа сай бейнеролик көрсетіліп, жалынды жігіттердің әсем әндері көрермендердің жүрегіне бірден жол тартты. Қайрымдылық концертіне келген аудан тұрғындарында есеп жоқ. Әнші жігіттер патриоттық және жастарға арналған әндерін кезегімен орындады. Атап айтқанда, «Дүр қамшы», «Ауылымды сағындым», «Қайда сенің ауылың», «Әке Ана» сияқты әндерімен қатар қазақтың «Қара Жорғасын» гитарамен орындаған әнші жігіттер тақырыпқа арқау болған «Жыламасын сәбилер» әнін әуезімен орындап, көрермендерді бір толқытып алды. Одан кейін сахна төріне көтерілген аудан әкімі Шухрат Нурахунов сөз кезегін алып, аудан тұрғындарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, Елбасының салиқалы саясатының нәтижесінде жеткен жетістіктер мен бағындырған белестер жайында сөз қозғап, егемен елдің ұрпақтарының жүздерін мұң шалмасын деген ниетпен қайырымдылық концертінен түскен қаржыны жиырма балаға үлестірді. Сонан соң қайырымдылық кешті ұйымдастыруда ұйытқы болған «Ugai production» шығармашылық ұжымына, ауданымыздан шыққан талапты да талантты азамат Әсет Есжанға және оның шығармашылықта жүрген достары Олжас Абай мен Ұшқын Жамалбекке алғысын білдірді. Аудандық «Ұрпақ парызы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жәнет Керімқұлов та әншілерге алғысын айтып, сый-сияпатын табыс етті. Әнші жігіттер аудан жұртшылығын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, балалардың бақытты ғұмыр кешуіне тілектес екендіктерін жеткізді. Жүздеріне бір сәтке болса қуаныш сезімі үйірілген бүлдіршіндердің ризашылығында шек болмады. Әнші ағаларымен естелік суретке түсіп, қолтаңбаларын алып, қуанышты көңіл-күймен тарқасты. Заманның дамығанына қарамастан өмірлері қиын-қыстау сәттерге толы жандардың жандары жараланбаса екен деген тілекпен біз де қайттық.

Баян МАМЫРБАЕВА,

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент өңірдегі құтқарушылармен, еріктілермен және кәсіпкерлермен кездесті

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында су тасқынынан з…