Басты бет Өңір тынысы АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 1 558 ӨРТ ТІРКЕЛДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 1 558 ӨРТ ТІРКЕЛДІ

0
1,162

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау подполковнигі Қатышева Толқын баяндады. Өрттің болу себептері пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережесін сақтамау, тұрмыстағы электр құралдарын дұрыс пайдадаланбау, ӨҚЕ-ге немқұрайлықпен қарау салдарынан туындайды. Соның ішінде 196 өрт пештерді пайдалану кезінде  өрт қауіпсіздік ережесін бұзу салдарынан туындаған.Сондай-ақ 2017 жылдың басынан тұрғын секторда 28 адам улы газбен уланған. Өткен жылмен салыстырғанда улану 8,8%-ға кеміген және қаза болғандар саны азайып отыр.«Тұрғын секторда адам өліміне әкелетін және өрттің пайда болуына әкеп соқтыратын негізгі себептің бірі болып бұл қатты және сұйық отынмен жанатын пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу болып табылады. Жылу беру маусымы басталар алдында пештер тексеріліп, түтіндіктері тазаланып, сылануы керек. Пештерді жөндеу және қалауды тек қана осы жұмысты атқаруда осы саладағы жоғары кәсіптік мамандарға сеніп тапсыруға болады. Пештер, түтін шығаратын мұржалар ағаш шатырларымен қиылысатын орындары кірпішпен жуандалып қалануы керек. Пеш қабырғаларының жуандығы туралы да ұмытпаған жөн», — деп қорытындылады Т.Қатышева.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

СЫР САҚТАҒАН САРЫТОҒАЙ

Адамзатпенбіргежасасыпкележатқанбірдүниеболса, ол – тарих. Тарих – өткеніңді бағамдатар, с…