Басты бет Заң және қоғам МЕМЛЕКЕТШІЛ БОЛҒАНДА ЕЛІМІЗ КӨРКЕЙЕДІ

МЕМЛЕКЕТШІЛ БОЛҒАНДА ЕЛІМІЗ КӨРКЕЙЕДІ

0
33

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті. Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлық кез келген қоғамда, кез келген мемлекетте орын алады. Әлемнің барлық мемлекеттері «сыбайлас жемқорлық» сияқты зұлымдыққа тап болуы. Сонымен қатар, қазіргі жағдайда сыбайлас жемқорлық біртіндеп мемлекетшілік проблемадан жаһандық проблемаға айналуда. Қазір барлық елдер, соның ішінде ең озық елдер, жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өз үлгілерін қайта қарауда, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы жаңа заңдар мен нормаларды қабылдауда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет деңгейі бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында жетекші орындардың бірін алады. Бүгінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»ҚР Заңы қолданыста. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қатерлерден қамтамасыз етуге бағытталған. Іс жүргізу заңнамасына көптеген түзетулер енгізілді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік күшейтілді. Кез келген заңсыз әрекетті жасағандар барлық артықшылықтардан толығымен айырылатынын бәрі есте ұстауы керек.ҚР мемлекеттік саясатының басты бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Бүгінгі таңда Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпымемлекеттік мәртебе берілді, сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу және шектеу жөніндегі қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп, кең ауқымды сыбайлас жемқорлыққа қарсы компания жүргізілуде. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы айта келе, қоғамның қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты жеңуге болмайтынын және Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты еңсеру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылатынын, оның басымдығын Мемлекет басшысы нақты белгілегенін бірнеше рет атап өтті.

Қолжетімді жерде ақпараттық стендтер, басшылар мен орынбасарларды жеке қабылдау кестелері орналастырылған.

Парк қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің барлық фактілері туралы «Шарын мемлекеттік ұлттық паркі» РММ сенім телефонына 2-14-33 нөмірі бойынша хабарлауға болады.

Д.АТМАНОВ,

«Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» РММ-нің заңгері

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЕСІРТКІ – ЕРКІНДІККЕ ТҮСКЕН ТҰСАУ

Қоғамға қауіп төндіретін кеселдің түрі көп. Соның бірі – адамның санасын тұмшалап, еркінді…