Басты бет Таза Қазақстан Ұйғыр ауданында «Жасыл мекен – жарқын келешек» атты жастардың экологиялық акциясы өтті

Ұйғыр ауданында «Жасыл мекен – жарқын келешек» атты жастардың экологиялық акциясы өтті

0
13

 

Республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұйғыр ауданындағы Асамбай асуы аумағында «Жасыл мекен – жарқын келешек» атты жастардың экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру және тазалық мәдениетін насихаттау.
Акция барысында Асамбай асуы аумағында санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар аумақтағы тұрмыстық қалдықтарды жинап, қоршаған ортаны қоқыстан тазартуға өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, табиғатты қорғау және экологиялық жауапкершілікті арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Шараға ауданның белсенді жастары, еріктілер, тұрғындар және түрлі мекеме қызметкерлерінен құралған 100 адам қатысты. Қатысушылар туған өлкенің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосып, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстарға белсенді атсалысты.
Іс-шара барысында Кетпен ауылдық округінің Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тоқан Әлбеков сөз сөйлеп, жастарды туған жердің тазалығын сақтауға, табиғатты аялауға және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуға шақырды. Ол өз сөзінде тазалық пен тәртіп әр азаматтың жауапкершілігінен басталатынын атап өтіп, жастарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндеді.
Акция барысында жастар табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы ой-пікірлерімен бөлісті.
Мұндай шаралар жастардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Жалпы, «Жасыл мекен – жарқын келешек» экологиялық акциясы аудан тұрғындары арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасының мақсаттарын жүзеге асыруға өз үлесін қосты.
#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Тазалыққа үн қосқан жастар – жарқын болашақтың кепілі

«Жасыл мекен – жарқын келешек» экологиялық акциясы жастардың қоршаған ортаға деген жауапке…