
Алматы облысының туристік әлеуеті жоғары екені белгілі. Сол себепті Есік көлі, Көлсай, Шарын сияқты табиғи нысандардың таза әрі күтімді болуы – өңірдің имиджін қалыптастыруда аса маңызды. «Тазалық күндері» акциясы осы бағытта үлкен үлес қосып, туристерге жағымды әсер қалдыруға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар, мұндай бастамалар табиғи аймақтарды сақтауға ғана емес, жергілікті тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға да ықпал етеді. Әрбір азаматтың табиғатқа деген жауапкершілігін күшейтіп, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелейді. Таза, көрікті және күтімді туристік орындар – өңірдің тартымдылығын арттырып, туризмнің дамуына серпін береді. Бұл өз кезегінде экономиканың өсуіне, жаңа мүмкіндіктердің ашылуына жол ашады. Сондықтан мұндай игі бастамалардың жалғасын тауып, тұрақты түрде өткізілуі – уақыт талабы.
Аудандық Аналар кеңесінің мүшесі Балауса Маратқызы
