
«Тазалық күндері» акциясы – жай ғана сенбілік емес, бұл қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыратын маңызды қадам. Алматы облысында туристік нысандарды қамтып, жүйелі түрде ұйымдастырылып жатқан жұмыстар өңірдің дамуына тікелей әсер етеді. Әсіресе, шатқалдар мен көлдердің тазалығы сақталуы – табиғи байлығымызды келер ұрпаққа аман жеткізудің нақты көрінісі. Сонымен қатар, мұндай бастамалар тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейді. Туристік аймақтардың таза әрі ұқыпты болуы – еліміздің оң имиджін қалыптастырып қана қоймай, шетелдік және отандық туристердің қызығушылығын арттырады. Бірлікпен атқарылған әрбір іс – үлкен нәтижеге жеткізетіні белгілі. Сондықтан осындай игі шаралар тұрақты түрде жалғасып, барша қоғамның қолдауына ие болуы тиіс. Тазалық – тек бір күндік акция емес, ол әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы қажет.
АУДАНДЫҚ ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСі СЕМБЕКҚЫЗЫ ПЕРИЗАТ
