Басты бет Саясат Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты

0
17

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының ресми түрде ашылу рәсіміне қатысты.
Салтанатты іс-шарада Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған сөз сөйледі.
Сондай-ақ форум жұмысына Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар, Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова, Молдова Президенті Майя Санду, Сирия Президенті Ахмед Аш-Шараа, Бурунди Президенті Эварист Ндайишимийе, Конго Демократиялық Республикасы Президенті Феликс Чисекеди, Босния және Герцеговина Төралқасының Төрағасы Денис Бечирович, Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе және басқа да делегация басшылары қатысты.
Анталия дипломатиялық форумы – жыл сайын жоғары деңгейде өтетін халықаралық пікірталас алаңы. Іс-шара саяси көшбасшылар, дипломаттар, сарапшылар, бизнес, медиа және азаматтық қоғам өкілдерінің басын қосады.
Сонымен қатар форум екіжақты және көпжақты байланыстарға, саяси консультациялар мен бейресми кездесулерге арналған тиімді платформа саналады.

t.me/aqorda_resmi

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Түркия Режеп Тайип Ердоғанның басшылығымен халықаралық аренадағы беделін арттырып келе жатқанын айрықша атап өтті

– Ең алдымен, көреген көшбасшы Режеп Тайип Ердоғанның жетекшілігімен Түркияның осы аймақта…