
Бүгін еліміз үшін маңызды қоғамдық-саяси науқан – референдумға қатысып, өз дауысымды бердім. Бұл – әрбір азаматтың ел тағдырына деген жауапкершілігін көрсететін маңызды қадам әрі мемлекетіміздің болашағына қатысты шешім қабылдауға қатысудың айқын көрінісі. Референдум – халықтың өз пікірін білдіріп, ел дамуының бағытын айқындауға мүмкіндік беретін маңызды демократиялық үдеріс. Осындай тарихи кезеңде әр азаматтың белсенділігі мен азаматтық ұстанымы ерекше маңызға ие. Әрбір берілген дауыс – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен өркендеуіне қосылған үлес. Біздің ортақ мақсатымыз – еліміздің дамуы, қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықтың нығаюы. Сондықтан мұндай маңызды кезеңде әрқайсымыз жауапкершілік танытып, өз таңдауымызды жасауымыз қажет деп санаймын.
Еліміздің бірлігі бекем болып, мемлекетіміздің болашағы жарқын болсын.
Иминова Адалят
Ұйғыр аудандық Ұйғыр этно-мәдени орталығының мүшесі
