Басты бет Ата Заң Аудандық Ұйғыр этно-мәдени орталықпен кездесу өтті

Аудандық Ұйғыр этно-мәдени орталықпен кездесу өтті

0
13

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Шонжы ауылындағы этно мәдени орталығының еңбек ұжымымен кездесіп, 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның адамға бағдарланған сипаты, әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы, еңбек құқықтары, цифрлық қауіпсіздік және дәстүрлі отбасы құндылықтарын қорғау мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы референдумның маңыздылығын атап өтті.

«Жаңа Конституция – біздің ортақ болашағымыздың негізі. Әрбір азаматтың референдумға қатысып, дауыс беруі – еліміздің даму жолына қосқан үлесі», – деді коалиция мүшесі Нұрсұлтан Болатұлы.

Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алғандарына алғыстарын айтты.

Жалпыұлттық коалиция ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, еліміздің түкпір-түкпірінде осындай кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Коалиция мүшелері аудандық ветеринария бөлімінің қызметкерлерімен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалици…