Басты бет Әр қилы ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ…

ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ…

0
256

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі аудандық филиалы 1987 жылдан бері басқа да қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеп келеді. Әр жылдары аудандық филиалдың төрағалары болып С.Абрамов, З.Палтаев, А.Рахмаев, Н.Сеитов, Ә.Есуянов сынды азаматтар қызмет еткен. Аудандық ардагерлер ұйымы өз жұмысын облыстық ардагерлер ұйымының жұмыс жоспарына сай жүзеге асырып келеді. Дей тұрғанмен өзіміз ардагерлермен бірлесе, ақылдаса отырып көптеген шаралар атқардық.

Үстіміздегі жылы мамыр айында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Отты жылдар жырлары», «Песни огненных лет» әскери — патриоттық әндер бойынша аудандық байқаудың жеңімпаздары Ш.Жанысбекова мен А.Таиров облыстық байқауға қатысып келді. Ауданның намысын қорғап, жүлдегер атанды. Одан бөлек «Ел келешегі тәрбиелі, білімді, ұлтжанды жастардың қолында», «Жастар тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы» атты дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Ардагерлеріміз саламатты өмір салтын ұстанған, дене тәрбиесімен тұрақты түрде айналысатын белсенділер болғандықтан спорттық жарыстар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Шахмат ойнайтындар көп. Облыстық деңгейде өз бақтарын сынап, талай жүлдені қанжығамызға байлап қайттық. Белсенді зейнеткеріміз Анвар Сайдуллаев Талғар қаласында өткен облыстық жарыста жүлделі 3-ші орынға ие болды. Отбасы күні аясында отбасылық және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бойынша аудан орталығындағы «Есентай» балабақшасы, белсенді ұзақ өмір орталығы ұйымдарымен бірлесе отырып  ұлттық салт-дәстүрді насихаттау мақсатында «нәрестені бесікке бөлеу» және «тұсаукесер» жасалып, ол жастар жағына түсіндіріліп, кремет шара өтті.

Биылғы қарттар күні Мәуліт мерекесімен тұспа-тұс келді. Ауданымыздың белсенді қарттары осы айтулы шараға қатысып, сонан соң аудан әкімінің арнайы әзірлеген ақ дастарқанынан ауыз тиді. Онда үлкендерге құрмет көрсетіліп, ақ тілектер айтылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.

Біздің қоғамдық ұйым «Асыл ана», «Алатау жастары» қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп, жастарды имандылыққа баулу, олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, байырғы салт-дәстүрді құрметтеу мақсатындағы жұмысын жалғасыра беретін болады. Екі ардагеріміз «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық Кеңестің «Құрмет белгісі», 6 ардагеріміз «Алматы облысының құрметті ардагері» төсбелгілерінің иегерлері атанды.

Осындай оңтайлы сәтті пайдаланып аудандық ардагерлер ұйымы атынан ауданымызда тұрып жатқан барлық зейнеткер-ардагерлерді 1 қазан қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын, бақытты қариялық тілеймін. Әрбір шаңырақтың қазынасына айналған қарттарымыз аман болсын.

Ербол НҰРСЕЙІТОВ,

«Ардагерлер ұйымы» республикалық бірлестігі

 Ұйғыр аудандық филиалының төрағасы

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ПОБЕДА ИННОВАЦИЙ И ТВОРЧЕСТВА

Команда «SmartReMakers» из Шонжынской школы-лицея №1 с блеском представила Алматинскую обл…