Басты бет Саясат Жолдауға қолдау

Жолдауға қолдау

0
69

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жария еткен Жолдауын Қазақстан халқымен бірге өзбек этносының өкілдері де ерекше ықыласпен қабылдады.
Президенттің ел даму үшін жасалатын қадамдарды қадап тұрып айтуы жұртшылықтың көңілінен шықты. Бір сөзбен айтқанда, Жолдау өзіндік нақтылығымен, ұғынықтылығымен ерекшеленді. Осыған дейін қабылданған маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатын бұл жолғы Жолдау ұстаздар мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне ерекше екпін берді.
Қ.Тоқаев мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту жайына кеңінен тоқтала келіп, баға тұрақсыздығына сын айтты. Жергілікті билік қызметінің тиімділігін тікелей бағалау бастамасын көтерді. Ауыл әкімдерін сайлау арқылы анықтайтын кездің де келіп жеткенін айтты.
Біз осы Жолдау міндеттері орындалып, қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, инфрақұрылымды дамыту, баспана мәселесін шешу сынды тегеурінді басымдықтар жүзеге асқан жағдайда елдің тұрмысы түзеліп, жағдайымыздың жақсаратынына сенеміз.

Ұйғыр ауданының құрметті азаматы Л. Хавайдуллаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

2024 жылғы су тасқыны: азаматтарға әлеуметтік көмек, үйлер мен инфрақұрылымдар салу және қалпына келтіру

2024 жылғы су тасқыны елімізде соңғы 80 жылда орын алған ең ірі су тасқыны болды. Мыңдаған…