Күздің соңғы айы ауылшаруашылығында тер төгіп жүрген жандар үшін айтулы күн болып аталып келе жатқанына біраз болды. Ауылшаруашылығы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі республика, облыс деңгейінде салтанатты түрде кең көлемде аталып, озаттар мен үздіктер әртүрлі марапаттарға ие болып, қауқылдасып, бір-бірін құттықтасып жататынының куәсі болып жүрміз. Осындай салтанатты шара біздің ауданда да өтті. Аудандық мәдениет үйіне әр ауылдан келген қонақтар көп жиналыпты. …