Басты бет Өңір тынысы «Қарадала» студиясы ашылды

«Қарадала» студиясы ашылды

0
326

Шонжыда дыбыс жазу студиясы ашылды. Бұл – осыдан төрт жыл бұрын Отанына оралған Шаттық пен Елшаттың көптен бергі арманы. Қытай елінде кәсіби білім алып, музыка саласы бойынша оқу орнын тамамдап, аңсарлары ауып елге оралғанда осы Қарадала төсіне қоныстанған еді. Біраз жыл аудандық мәдениет үйінде еңбек етті. Қандай іске болса да құлшына кірісетін азаматтар ешбір жұмыстан қашпады. Ал бүгінде Шаттық Нұрбол «Қарадала халық театрында» актер болса, Елшат Еркін аудандық мәдениет үйінде дыбыс операторы қызметін атқаруда.

Жақсылықты неге жар сала айтпасқа? Жаңа студияның ашылғанын ести сала біз де қағаз, қаламымызды алып, студия орналасқан мекенжайға бардық. Бізді қарсы алған Шаттық емен-жарқын амандықтан соң, жаңадан ғана ашылғандарын айтып, әлі де кемшіліктері мен түзететін тұстарының көп екенін жеткізді. Қытайда вокал бөлімінде білім алып, қосымша дыбыс жазу студияларында пайдаланатын аппараттар туралы да оқып, біліп, елге келген соң сол білімін пайдаға асырсам деген арманмен неше жылды артқа қалдырыпты. Ата-анасымен 2019 жылы Қазақстанға келеді. Қытайда алған білімі біздіңше арнайы орта білім болып саналғандықтан әу баста жөнді жұмыс та таба алмайды. Жұмыспен қамту орталығы арқылы аудандық мәдениет үйіне орналасады. Қабілеті мен қарымын танытып, өнердің нағыз жанашыры екенін дәлелдей алған Шаттықты «Қарадала халық театрына» жұмысқа қабылдайды. Тыраштанып, адал еңбекпен ержеткен Шаттық қосымша мәдениет үйіндегі дыбыс жазу студиясында Елшат досы екеуі ансамбль әншілерінің әндерін әрлеп, өңдеп жүреді. Бірақ одан қосымша табыстың болмасы анық. Сондықтан келісе отырып, жекеменшік дыбыс жазу студиясын ашуды қолға алады.

Ақыры армандары ақиқатқа айналып, арнайы аппараттарға тапсырыс береді. Арнайы бағарламасы орнатылған компьютер мен микрофондарды, колонкаларды, тағы басқа қажетті құрылғыларды Индонезия, Қытай елдерінен алдырады. Екі миллионға жуық қаражат кетеді. Жалға алатын орынның қымбаттығын ескеріп, өзі тұратын үйдің бір бөлмесін студияға лайықтап жабдықтап та қойыпты. Болашақта арнайы аранжировка жасап, кез келген әуенді әрдей алатын мүмкіндігі бар қосымша аппараттар алып, жұмыстарын өрге домалату да мақсаттары бар екен қос азаматтың. «Әзірге бар мүмкіндікті пайдаланып, аудан тұрғындарының, нақтырақ айтқанда ән жаздырсам деген жандардың сұранысынан шыға алсақ, біз үшін зор қуаныш», – дейді Шаттық. Иә, бүгінде балабақша, мектеп қабрғасында жүрген балапандарымыздың ішінде де өнерге жақындары ән жаздырар кезде сабылып студия іздеп жататын. Тіпті кейбірі қалаға тапсырыс беретін де. Енді алысқа шабылудың еш қажеттігі жоқ. «Қарадала» студиясы сіз үшін кез келген әніңізді әрлеп, теңшеп, жөндеп беруге дайын.

АНАР ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

СЫР САҚТАҒАН САРЫТОҒАЙ

Адамзатпенбіргежасасыпкележатқанбірдүниеболса, ол – тарих. Тарих – өткеніңді бағамдатар, с…