Аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер Кетпен ауылында болып, ауыл тұрғындарымен және ауылдық аурухана дәрігерлерімен кездесті. Ақ халатты абзал жандардың биылғы пандемия кезіндегі ерен еңбектеріне алғыс айтудан сөзін бастаған Нұрәкім Есжан медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру жолында «Nur Otan» партиясының алға қойған міндеттерін айтып шықты. Коронавирус кезінде денсаулық сақтау жүйесіне үлкен қиындықтар туындады. Сондықтан біздің басты міндетіміз денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын …