Басты бет Сайлау 2021 Пейілдері тарылмаған тұрғындар

Пейілдері тарылмаған тұрғындар

0
407

Қазаны оттан түспейтін, берекесі кетпейтін ауыл деген керемет қой. Үгіт-насихат жұмыстарымен елді мекендерді аралап жүрген үгіт-насихатшылар тобы Қырғызсай ауылына ат басын тіреді. Ауылдың пейілі тарыла қоймаған халқымен қауышты. Партиялық жобалардың қатарында «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларын қолдауға және олардың азаматтық ұстанымдарын белсенді етуге бағытталған бағдарламаларымен Мәулен Нұров таныстырды. Бұқаралық спортпен айналысуға жасалатын жағдайлар, айтар болсақ еңбек ұжымдарында спорт командаларын құру, спорттық бұқаралық шараларды өткізу, жастарды жұмысқа тарту, олардың шығармашылық жұмыстары арқылы өзін-өзі таныту және олардың әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасау туралы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрсұлтан Болатұлы хабарлама жасады.
«Nur Otan» партиясының міндеті – ауданды тек өмір сүруге ыңғайлы етіп қана қоймай, сонымен қатар қауіпсіз ету. Ол үшін қауіпсіз аудан бағдарламасы қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамдық орындар мен көшелерде жасалған қылмыстар-дың алдын алу мақсатында әзірленгенді-гін түсіндірген Анар Дүйсенбайқызы сайлауалды бағдарламалардың әр тұрғынның пайдасы үшін жасалғандығын айтып шықты.
Ауыл тұрғыны Қанат Жанысбаев ауылдағы клуб мәселесі мен ауыз судың толық жетпей отырғандығын айтты. Оның жанайқайын үміткерлер тиісті орындарға жеткізетіндіктеріне сендірді. Ауыл ақсақалы Нұрғалық Қисаев алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясының жеңісіне және ауылдастарының белсенді түрде қатысатындығына уәде берді. Үміткерлерге ақ батасын беріп шығарып салды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

САЯСИ НАУҚАН ЕРЕКШЕ

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қарсаңында ел ішінде сайлауалды науқан басталды. Ауданымызд…