Басты бет Сайлау 2021 СҮМБЕЛІКТЕР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

СҮМБЕЛІКТЕР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

0
889

Сүмбе ауылының тұрғындары үгіт-насихат тобының мүшелерін жылы шыраймен қарсы алды. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Мәулен Нұров, Бибігүл Абдилова, Анар Дүйсенбайқызы, Гүлзат Орынбаева, Нұрсұлтан Болатұлы, Әлия Ақжолова, Еркебұлан Нұржақыптар сайлауалды бағдарламаларын ұсына барды. 


Бүкіләлемдік кеңістікті қамтыған COVID-19 пандемиясы жағдайында өнеркәсіп пен ауылшаруашылық салаларының тұрақты жұмысының арқасында аудан экономикасындағы шығындар мен жұмысшылардың жаппай жұмыстан шығарылмауына мүмкіндіктер тудырғанын, келешекте өнеркәсіпті дамытуда отандық өндірушілерді қолдауға, бәсекеге қабілетті және импортты алмастыратын өнім шығаратын жаңа өндірісті ашуға баса назар аударылатындығын айтқан Мәулен Мұқажанұлы сүмбеліктерге «Nur Otan» партиясының осындай алға қойған міндеттерінің біразымен таныстырды. Анар Дүйсенбайқызы партияның осы уақытқа дейінгі табыстары жайлы баяндады. Еліміздегі жылт еткен жақсылықтардың барлығына себепкер болған партияның келешектегі жоспар, жобаларын да тізбеледі. Сөз алған Бибігүл Абдилова ауданның 33 мектебінің сәуір айынан бастап қашықтықта оқытылып жатқандығын, сондықтан білім беруде басты назар білім сапасын арттырып, материалдық-техникалық базаны нығайтуға және әрбір баланың ғаламтор жүйесінде жұмыс істеулеріне мүмкіндіктердің жасалғандығын айтты. Көп балалы ана Гүлзат Орынбаева биылғы сайлауда жастар мен көп балалы аналарға белгілі мөлшерде орын берілгендігін, олардың да айтары мен шешімін таппай отырған мәселелерінің қордаланып қалғандығын айтып, осының бәрін жүзеге асыруға тек «Nur Otan» партиясының қауқары жететіндігін түсіндірді.
Ауыл жұрты атынан сөз алған Қалабай Мерейімов бірлігі жарасқан ауылдағы ағайынның ауызбірлігінің, ынтымағының жарасқандығын тілге тиек ете келе, әлі де ауылдағы ауыз су, егістік алқаптарын суарар ағын судың тапшылығын айта келе партия жағынан осы айтылғандарға көңіл бөлінсе деген тілегін жеткізді. Ауылға салынған жаңа мектеп үшін, жолдар мен ауылды абаттандыру жұмыстарына қарастырылған қаржы үшін алғысын жау-дырды. Өзі бас болып барлық ауылдастарының сайлауға бір кісідей қатысатындығына сенім білдірді.

Баян
МАМЫРБАЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

САЯСИ НАУҚАН ЕРЕКШЕ

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қарсаңында ел ішінде сайлауалды науқан басталды. Ауданымызд…