Басты бет Сайлау 2021 Кетпендегі кездесу

Кетпендегі кездесу

0
420

Аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер Кетпен ауылында болып, ауыл тұрғындарымен және ауылдық аурухана дәрігерлерімен кездесті. Ақ халатты абзал жандардың биылғы пандемия кезіндегі ерен еңбектеріне алғыс айтудан сөзін бастаған Нұрәкім Есжан медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру жолында «Nur Otan» партиясының алға қойған міндеттерін айтып шықты. Коронавирус кезінде денсаулық сақтау жүйесіне үлкен қиындықтар туындады. Сондықтан біздің басты міндетіміз денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамытуға, нығайтуға және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталатынын түсіндірді. 2025 жылға дейін Кіші Дихан ауылына дәрігерлік амбулатория салу және Кепебұлақ, Ұзынтам, Ардолайты, Шошанай ауылдарына медициналық пунктер салуға ықпал ететіндігін жеткізді. Өз кезегінде аурухана меңгерушісі Гүлбақыт Бердалиева керемет заманауи ғимарат салып бергені үшін аудан басшылығына, «Nur Otan» партиясына ауыл тұрғындары атынан алғысын айтты. Сондықтан осындай қуанышқа кенелткен «Nur Otan» партиясының ықпалы екендігін де айта келіп, алдағы сайлауға ұжым мүшелері түгелдей қатысып, өздерінің азаматтық көзқарастарын танытатындықтарына сендірді.
Сонан соң күрделі жөндеуден өтіп жатқан Кетпен ауылдық мәдениет үйіндегі жұмысшылармен кездескен үгітшілер тобы жұмыс барысымен танысты. Олар да алдағы болатын сайлау туралы өз ойларын ортаға салды. Осыған дейін мектептің, ауыз су, пошта, денсаулық сақтаудың, жолдың жөндеу жұмыстарына атсалысқандықтарын айтып, енді мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмысын аяқтау сәтінде тұрғандықтарын айтып, алдағы сайлауға бір кісідей атсалысатындықтарын айтысты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

САЯСИ НАУҚАН ЕРЕКШЕ

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қарсаңында ел ішінде сайлауалды науқан басталды. Ауданымызд…