Басты бет Сайлау 2021 ШЕТ ҚАЛҒАНДАР БОЛМАЙДЫ

ШЕТ ҚАЛҒАНДАР БОЛМАЙДЫ

0
644

Қалғантам ауылындағы кездесу қызу өтті. Олар депутаттыққа кандидаттарды арнайы дайындықпен күткендей көрінді. Үгіт-насихат тобын орталық көшеде қарсы алған қалғантамдықтардың қарасы көп көрінді. Шонжы ауылының шағын ауданы болған жерде сырттан келген қандастарымыз көп екен. Бір жағы аудан орталығына жақын болғандықтан болса, екінші жағынан мал өсіріп, бау-бақша егуге жердің ыңғайлылығынан деп ойладық. 


Биліктің партиясы атанған «Nur Otan» туралы Мәулен Мұқажанұлы тереңіне бойлаған әңгіме айтты. Бүгінгі «Nur Otan»-ның халық үшін атқарып жатқан жұмыстарының ұшан-теңіздігін тілге тиек етті. Біздің партиямыздың құрылғанына 20 жылдан асты. Осы уақыт ішінде ол тек халықпен бірге жасасып, бірге қадам тастасып келеді. 1999 жылғы 1 наурызда Елбасы бастаған үлкен партия дүниеге келді. Ол алғашында «Отан» пар­тиясы еді. Осы жылдардың ішін­де «Nur Otan» партиясы үлкен саяси күшке айналды. Бү­гінде біздің қатарымызда миллиондаған азамат бар. Олар партияның сара жолымен еңбек етуде. «Nur Otan» партиясы халықпен бірге барлық сындардан, қиындықтардан өтіп, бүгінгідей биік белеске көтеріліп отыр. Елбасы өзінің бір сөзінде «Nur Otan» партиясы үлкен, нағыз саяси күш ретінде халықты, халықтың күш-жігерін «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтылған үлкен мақсаттарға жету үшін біріктіру керектігін айтқан болатын, партияның алдындағы басты мақсат – Мемлекет басшысының, мемлекеттің саясатын халықпен бірге, халықтың арасында насихаттау, халықтың күш-жігерін бір арнаға тоғыстыру, бір мүддеге біріктіру екенін барынша түсіндіріп берді.
Мәулен Мұқажанұлына тұрғындар тарапынан да сұрақтар қойылды. Олардың негізгісі шетел асып келген қандастардың құжат реттеуде, жер алуда біраз қиындықтарға тап болып жататындары, осы мәселеде ««Nur Otan» партиясы тарапынан көмек бола ма деген сұрақтар еді. Басты кіріс көзі жер мен мал болғандықтан, жайылымдық жерлерге қол жетпей тұрғандығы, жердің конкурсына бизнес-жоспар жасауда сауаттылықтарының жетпей жататындықтары, Шонжының құрамына кіргендіктен жолдардың заман талабына сай жасалуы, түнгі шамдардың орнатылуы сияқты әлеуметтік жағынан өте маңызды сауалдар қойылды. Мәулен Мұқажанұлы өз тарапынан қолынан келетін көмектің көрсетілетіндігіне сендірді. Заңгерлік көмектің болатындығына және құжат толтырғанда сауатты жазатын азаматтардың да табылатындығын түсіндірді. Партия тарапынан кез келген мәселенің түйіні шешілетіндігіне сендірді. Үміткер Бибігүл Абдилова білім саласындағы соңғы кездегі жаңалықтар, жақсылықтар жайын қозғап, «Nur Otan» партиясының білім саласындағы үлесін айтты. Жолдар да, түнгі жарық та кезең-кезеңімен жүзеге асатындығын, мемлекет оның бәрін қадағалап отырғандығын түсіндірген Анар Дүйсенбайқызы бүгінгі мемлекеттік саясаттың діңгегі – адамдардың жақсы тұрмысы болғандықтан, барлық ауылдарға жақсылықтар келетіндігін және оның «Nur Otan» партиясының басшылығымен жүзеге асатындығын айтты. Насихат тобындағылар да, тұрғындар да бұл кездесуден белгілі бір нәтиже шығатындығына кәміл сеніп тарасты.

Аманбике ЖАНЫСБАЙҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

САЯСИ НАУҚАН ЕРЕКШЕ

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қарсаңында ел ішінде сайлауалды науқан басталды. Ауданымызд…