Кетпен десе әуелі көз алдымызға сұлулығы көз тартар Кетпен таудың бөктері елестейді. Табиғат-ананың тамаша тартуы кімді болса да көркімен баурары анық. Сол таудың етегінде ел жайлаған Кетпен атты ауыл бар. Осы тұста неліктен «Атауы жоқ ауыл» деп отыр деген сұрақ тұрған болар көкейлеріңізде? Гәп мынада. Жолымыз түсіп Кетпен ауылына келдік. Ауылдың кіре берісінде қай ауыл екенінен хабар берерліктей еш белгі …