Басты бет Нұр-Сұлтан - Ұлы дала Елордасы Астана – Қазақстанның қасиетті орталығы

Астана – Қазақстанның қасиетті орталығы

0
1,633

Биыл Астананың 20 жылдығын ел-жұрт болып мерейлі мереке ретінде атап өтпекпіз. Елорданың құрметіне арналған әртүрлі кештер, дөңгелек үстелдер, қызықты кездесулер әр ауылда өтуде. Соның бір — белгісі Бахар ауылының клубында өткен шара. Ауылдық округтің ұйымдастыруымен өткен кешке ауыл халқы көптеп жиналды. Астананың алғашқы іргетасы қаланған күннен бастап жиырма жылдың ішінде көзтартар көркем қалаға айналған сәтіне дейінгі өзгерістерді, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі таңдап, өзі негізін салып, өзі іргетасын қалаған сүйікті шаһарымыз жайлы бейнефильм көрсетілді. Онда 20 жылдағы Астананың таңдай қағарлық әсем сәулеті, менмұндалаған ғимараттары, көкке көмкерілген гүл бақтары бәрі-бәрі жаңаша форматта ұсынылды.
Ауылдық округ әкімі Қадіржан Бағыбаев құттықтау сөз алып, Астананың 20 жылдығын атап өтудің маңызы мен мәнін түсіндіріп, аз ғана мезгіл ішінде достық пен ынтымақтастықтың қаласына айналып үлгерген Елордамыздың шетелдік қонақтардың да көзайымы бола білгендігін мақтанышпен жеткізді. «Нұрлы болашақ» балабақша қызметкерлерінің Астанаға арнаған флешмобтары көпшіліктің көңілін көтеріп, тұрғындарды бір серпілтіп тастады. А.Розыбакиев атындғы орта мектебі ұжымының сахналық қойылымы Астананың келбетін айшықтаса, көрмелері өнер туындысы ретінде қабылданды. Мектеп оқушыларының «Астанам», «Нұр аға» әндері мен «Батырлар», ұйғыр халқының «Қарақаш» билері де көрерменнің қолпаштауына ие болысты. Мектеп директоры Суджата Имиршаева өзінің жүрекжарды лебізін жеткізсе, жігітбасы Сраждин Камазаев ауыл жұрты атынан шараны ұйымдастырушыларға, өнер көрсеткен балаларға ризашылығын білдірді. Астананың 20 жылдығын лайықты қарсы алып, ән мен жырмен ғана емес табысты еңбек көрігін қыздыратындығына сендірді.
Кешті жүргізуші Мөлдір Ахметқали мен Мадияр Таутайлар Астана туралы әдемі жыр жолдарымен кештің аяқталғандығын хабарлады. Тұрғындар бір-бірімен қауқылдасып, салтанаттан хош көңілмен тарасты.

Света МАВКЕЕВА,
Бахар ауылдық округі әкімінің бас маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарыарқа сардарының мерейлі мерекесі

Алтай мен Атыраудың, Ертіс пен Еділдің арасындағы қазақтың байтақ даласының төсінен орын т…